Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Аружан Жазылбекова АҚШ-та Golden Screen жүлдесін алды

Аружан Жазылбекова АҚШ-та Golden Screen жүлдесін алды

Аружан Жазылбекова АҚШ-та Golden Screen жүлдесін алды

Алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы – "Композитор" фильмі Лос-Анджелесте өткен Golden Screen Awards жүлдесінің 4 бірдей сыйлығына ие болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, Shinework Pictures және China film coproduction corporation қытайлық компаниялар бірлесіп түсірген кинотуынды "Үздік ко-өнімдегі фильм", "Үздік әйел адам рөлі" (актриса Аружан Жазылбекова), "Үздік ер адам рөлі" (актер Ху Чжунь) және "Үздік музыка" сыйлықтарымен марапатталды.  

- Мен өте бақыттымын. "Қазақфильм" киностудиясы мен фильмнің  түсіру тобына алғысымды білдіремін, - деп жазды актриса Аружан Жазылбекова өзінің Instagram-дағы парақшасына.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Golden Screen Award for Best leading actress! So happy and grateful! Награда Golden Screen за роль в фильме «Композитор»! Ни спать, ни есть теперь не могу! Потому что я невероятно счастлива и благодарна. Спасибо «Казахфильму» и всей нашей съемочной группе! Спасибо Каламкас апа, чью маму я играю, за поддержку и любовь! Спасибо моим партнерам: Дильназ Нурсеит, Берик Айтжанов, Алтынай Ногербек и, конечно, Ху Джун (кстати, он мне не муж????)! Спасибо всем за поздравления и добрые слова!

Публикация от Aruzhan Jazilbekova (@arujazz)10 Ноя 2019 в 9:35 PST

Естеріңізге сала кетсек, осы жылы маусым айында қазақстандық прокатқа шыққан фильмі қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері IX Бейжің Халықаралық кинофестивалінің (The 9th Beijing International Film Festival)   конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Сондай-ақ бұл картина ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысып, 2 марапатқа лайық деп танылды. Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған жас қазақстандық актриса Ділнәз Нұрсейіт "Үздік жаңа есім" аталымында қытайлық  CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне ие болса, фильмінің продюсерлік тобы ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды.   

Golden Screen Awards жүлдесі 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар: Көркем фильмдердің қауымдастығы (MPA), Қытайдың ко-өнімдер корпорациясы (CFCC), Американдық кино өндірісі мен телеарналар көрмесі (UCFTI) және Hollywood Reporter басылымы.

Си Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуендер жазған, сондай-ақ ол 10-ға жуық кинофильмдер музыкасының авторы.  Алматыда өткізген жылдары ол "Ұлт   азаттығы" симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Си Синхайдың шығармаларынан отанға деген махаббатын аңғаруға болады.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 11 қараша, 15:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.