Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Композитор" атты қазақ-қытай фильмі көрерменге жол тартты

"Композитор" атты қазақ-қытай фильмі көрерменге жол тартты

Алматыдағы Республика сарайында алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы - "Композитор" көркем фильмінің салтанатты тұсаукесері өтті.

Картинаны Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен қытайлық "Shinework Picturesкомпаниясы жасап шыққан. Режиссерлері Қазақстан атынан – Сәбит Құрманбеков, ал Қытай тарапынан – Шерзат Якуб. Айтулы ақын, жазушы, қоғам және саясат қайраткері Олжас Сүлейменов және басқа да көптеген танымал отандық мәдениет және кино қайраткерлері тұсаукесердің құрметті қонағы болды.

Фильм Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Оның Кеңес одағы кезінде, Алматыға эвакуацияланған шағын, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын көрсетеді.

Сянь Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуендер жазған, сондай-ақ ол 10-ға жуық кинофильмдер музыкасының авторы.  Алматыда өткізген жылдары ол "Ұлт   азаттығы" симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Сянь Синхайдың шығармаларынан отанға деген махаббатын аңғаруға болады. 

Көрсетілім алдында фильмнің Қазақстан тарапынан бас продюсері, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов пен қытайлық продюсер, "Shinework Pictures" компаниясының президенті Джонатан Шен және ҚХР Алматыдағы бас консулы Чжен Вэй мырза көрермендерге шықты.

- Біз үш жылға жуық түсірген фильміміз "Композиторды" сіздерге ұсынғанымызға қуаныштымыз. Бұл қазақ-қытай бірлескен алғашқы фильмде қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамов пен қытайлық композитор Сянь Синхайдың арасындағы достығын көрсету арқылы, екі елдің достығын көрсеткіміз келді, - деді Серік Жұбандықов.

- Бұл тұсаукесер көңілімді толқытты. Осыдан 70 жыл бұрын қиын жағдайға тап болған қытай композиторы Сянь Синхай Алматыға келіп, қазақтың танымал композиторы Бақытжан Байқадамовпен танысады. Байқадамовпен оның отбасы оған риясыз көмек көрсетеді. Міне, 70 жыл өткен соң, Қазақстан мен Қытай кинемтографистерінің арқасында, көпшілік біле бермейтін және әсерлі оқиға үлкен экранға жол тартты, - деді бас консул Чжан Вэй. 

Фильмнің төмендегі құрамы да көрермендер алдына шықты: режиссер Сәбит Құрманбеков, продюсер Қуаныш Ахметов, Қаламқас Арисланованың рөлін сомдаған кішкентай актриса Ділназ Нұрсейіт, қоюшы оператор Лу Хунъи (ҚХР), қоюшы режиссер Лу Юэлинь (ҚХР), және атқарушы продюсер Яо Чуньгуань (ҚХР).

Көрсетілімнен соң көрермендер назарына Қаламқас Арисланова мен Сянь Синхайдың қызы Нинаның Қытайда көріскені туралы қысқа деректі фильм ұсынылды. Ду қол шапалақпен сахнаға Қаламқас Арисланова және Бақытжан Байқадамовтың қыздары: Балдырған Байқадамова, Айгүл Байқадамова және Алуа Байқадамова көтерілді. Олар Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхайдың достығы туралы айтып берді.

- Сянь Синьхай – маған бақытты балалық шақ сыйлаған адам, - деп толқи сөйледі Қаламқас Арисланова.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: ticketon
Қосылған күні: 07 маусым, 08:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.