"Композитор" фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды

"Композитор" фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды

ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Композитор" көркем фильмі 2 марапатқа ие болды. Қазақ-қытай елдерінің бірігіп түсірген алғашқы фильмі осы жылдың басында Бейжің халықаралық кинофестиваліне қатысқан болатын.

Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған жас қазақстандық актриса Ділнәз Нұрсейіт "Үздік жаңа есім" аталымында қытайлық CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, "Композитор" фильмінің продюсерлік тобы да ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды. Қытайлық бас продюсер Джонатан Шенде марапатқа ие болды.

Фильм Кеңес Одағы кезіндегі қытайлық композитор Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы, Алматыға келген шағы туралы баяндайды. Сонымен бірге, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын көрсетеді.

"Композитор" көркем фильмінің өндірісі үкімет деңгейінде ұйымдастырылды. 2015 жылы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезде уағдаластық етілген. 2017 жылдың 8 маусымында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасаған сапары аясында қол қойылған бірлесіп киноөндірісті жүргізу туралы мемлекетаралық келісім негізінде аталған киножоба іске асқан болатын.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар