Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Кино нұсқасы шығуы мүмкін анимелер

Кино нұсқасы шығуы мүмкін анимелер

Кино нұсқасы шығуы мүмкін анимелер

"Покемон.Пикачу детектив" – белгілі аниме-сериалдың голливудтық кино нұсқасы үлкен экранға шығып, өз көрермендерін жинап жатыр. Қалай ойлайсыз, болашақта басқа қандай жапон анимациясының фильм нұсқасын экраннан көруіміз мүмкін?! 

"Акира" (1988)

"Акира" (1988) аниме-фильмінің кино нұсқасын жасау туралы идея 2000 жылдардан бері талқыланып келеді. Киноны түсіру жұмыстарын ағайынды Альберт мен Аллен Хьюз және испан текті кино режиссер Жауме Кольет-Серра қолдарына алады. Ал, басты рөлді Киану Ривзға ұсынды. Дегенмен, түсірілім жұмыстары әрдайым түрлі себептермен кейінге шегірілген: арнайы эффектілердің жеткілікті болмауы, қаржының жеткіліксіздігі, одан бөлек, жобаның өзін ақтайтындығына деген сенімнің болмауы.

Бүгінде "Акираның" голливудтық киноадаптациясын жасау жұмыстары қайта жаңғырды. Түсірілімге жауапты режиссер — Тайки Вайтити ("Тор: Рагнарек"). Қашан екені белгісіз, түсірілімі мен жұмысы ұзаққа созылған анименің кино нұсқасы жарыққа шығады.  

"Сенің есімің" / "Твое имя" (2016)akspic.ru

Өз елінде сатылымнан $235 млн көлемінде қаражат жинаған анименің кино нұсқасын түсіру идеясы 2017 жылы айтылған болатын. Джей Джей Абрамстың продюсерлік компаниясы Жапониялық Toho Co. компаниясымен режиссер Макото Синкайдың аниме фильміне ремейк жасау үшін бірігетінін хабарлаған болатын. Осы жылдың ақпан айында түсірілім жұмыстарын "Жаздың 500 күні" (500 дней лета) және "Жаңа өрмекші адам"(Новый Человек-паук) фильмдерінің режиссері Марк Уэббке тапсырылғаны анықталды. Қоюшы режиссердің қолынан мелодрама және романтикалық фильмдерді әсерлі түсіру келетіндігін ескерсек, анименің киноадаптациясы өтімді болуы мүмкін.

"Наруто" (2002-2017)

"Нарутоның" әлемдегі ең атақты аниме екеніне қарамастан оның кино нұсқасын жасауға голливуд асығар емес. Өйткені, аниме 700-ден астам бөлімнен тұрады. Оны бір фильмге сыйдыру мүмкін емес. Ал, "Наруто" сериалындағы эффектілерді жасау үшін көп мөлшерде қаражат керек. 2015  жылы "Ұлы шоумен"(Величайший шоумен) мюзиклінің режиссері Майкл Грэйси мультсериалдың кино нұсқасын жасауды қолға алатыны жайында ақпарат тараған болатын. Дегенмен, тек анонстан басқа жұмыс әзірге байқалмады.

"Ванпанчмен" (2015)

"Ванпанчмен" аниме шоуының сюжеті бойынша фильмдер бүгінде жеткілікті. Басты кейіпкер Сайтама үздіксіз жаттығу әсерінен шашының айырылып қалған, есесіне бір соққымен бәрін жеңетін 25 жастағы жігіт. Оның образы Дэдпулды еске түсіреді. Оның үстіне, фанаттар арасында анименің киноадаптациясы түсірелтін болса, басты кейіпкерді актриса Тильда Суинтон ойнауы мүмкін деген болжам бар. Өйткені, актрисаның "Дәрігер Стрэндж" (Доктор Стрэндж) фильміндегі образы Сайтамаға қатты ұқсайды.

"Евангелион" (1995-1996)

Соңғы уақытта кайдзю-муви (алып құбыжықтар жайында фильм) жанрына деген сұраныстың артқанына қарап, "Евангелион" аниме сериалының кино нұсқасының болашақта шығып қалатынын үміт артуға болады.  

"Ковбой Бибоп" (1998-1999)

Похожее изображение

Алғаш рет жапон мультсериалы "Ковбой Бибоптың" сюжеті бойынша фильм түсіру туралы идеяны 2008 жылы талқылаған болатын: 20th Century Fox студиясы басты кейіпкер Спайк Шпигельді сомдауға Киану Ривзді тағайындап, түсірілім жұмыстарына дайындықтың басталғанын хабарлады. Фильмнің тұсаукесері 2011 жылға жоспарланғанымен, қаражат мәселесі туындап, түсірілімді кейінге шегерген еді. Араға 7 жыл салып, анименің ремейк нұсқасын жасау құқығын Netflix алып, оны сериал түрінде шығаруды жоспарлап жатқаны анықталды. Түсірілімге Джон Чо, Алекс Хэсселл, Даниэлл Пинед және Мустафа Жакир сынды актерлердің ат салысып жатырғаны да белгілі болды.

Қай анименің кино нұсқасын асыға күтесіз?

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: Коллаж
Қосылған күні: 21 мамыр, 15:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.