Ченнинг Татум ойнаған 5 фильм

Ченнинг Татум ойнаған 5 фильм
Фото: Коллаж

Татум бала кезінен актерлік туралы армандағандар қатарынан емес. Алдымен, ұзын бойлы, келісті жігіт сән әлемінде жұмыс жасайды. Кейін бейнебаяндарға, жарнамаларға түсе бастайды. Бірнеше уақыттан кейін журнал беттерінен көрінеді. Уақыт өте келе Ченнинг Татум кино үшін жаралғанын ұғады.

Ол – еркек / Она — мужчина / She’s the Man
• АҚШ, 2006 жыл
• Комедия, мелодрама, спорт

Виола футболды жанынан артық жақсы көреді. Кез келген жігіт оның шаңына да ілесе алмайды. Ал ол оқитын мектепте қыздарға арналған топты жауып тастайды. Өзінің хоббиінен бас тарта алмаған қыз өзінің сыңары Себастьянның орнына ерлер тобына қосылады. Кейін ол өзінің көршісі Дюкке ғашық болып қалады.

Бір қадам алға / Шаг вперёд / Step Up
• АҚШ, 2006 жыл
• Драма, мелодрама

Тайлер Гейдж өте жақсы билейді. Бірақ, оның тентектігі де жоқ емес. Сол үшін оны жазалап, мектепте еден жуушы ретінде жұмысқа орналастырады. Ол мектепте Нора есімді биші бикешпен танысады. Кейін екеуінен үйлесімді дуэт шығады. 

Серт / Клятва /The Vow
• АҚШ, 2012 жыл
• Драма, мелодрама

Пейдж және Лео есімді жас жұбайлар жол апатына ұшырайды. Әйелі бірнеше уақыт бойына ес-түссіз жатады. Есін жиғанымен, Леоны және онымен байланысты барлық оқиғаларды ұмытып қалғаны белгілі болады. Ал, жан жары оның өткенін қайта есіне түсіру үшін бар күшін салады.

Ақ үй шабуыл астында / Штурм Белого дома / White House Down
• АҚШ, 2013 жыл
• Әскери, триллер

Полиция қызметкері Ақ үйдің күзет қызметіне орналасу үшін арнайы сұхбатқа келеді. Сонымен қатар, қызына экскурсия жұмыстарын жүргізеді. Дәл сол сәтте жарылыс болып, террористер адамдардарды кепілдікке алады. Басты кейіпкер президентті аман алып қалу жолында бар күш-қуатын салады.

Kingsman: алтын сақина / Kingsman: золотое кольцо / Kingsman: The Golden Circle
• АҚШ, Ұлыбритания, 2017 жыл
• Әскери, шытырман, комедия

Британ құпия қызметінің штаб-пәтері жойылғаннан соң, әлемге төнген қауіп екі еселене түседі. Аман қалған агенттер АҚШ-қа өздерінің әріптестері  Statesman  ұйымына аттанады. Енді олар төнген қауіппен бірге күреспек. Ченнинг Татумның фильмдегі лақап аты – Текила және оның өзіне тән стилі бар.

Ал сіз Ченнинг Татумның қай фильмін көрдіңіз?

Т. Есқали