2019 – фантастикалық франшизалар соңы

2019  – фантастикалық франшизалар соңы
Фото: Коллаж

Бірнеше жылдар бойына фантастика әлеміне сапар шегуге мәжбүр етіп, өздерінің жанкүйерлерін тапқан фильмдер мен сериалдар 2019 жылы аяқталуы мүмкін. Осылайша, қазақша «ақыр тоғыз» кино әлеміндегі фантастика франшизасының соңы болуы ғажап емес.

«Жұлдыздар шайқасы» / «Звездные войны»ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу звездные войны

19 желтоқсанда экранға «Жұлдыздар шайқасының» тоғызыншы эпизоды жарыққа шығады. Ол Скайуокерлер отбасының шытырман оқиғасына нүкте қоймақ. Әзірге анық-қанығы белгілі емес, тек соңғы эпизодтың атауы ғана осы уақытқа дейін аталған болатын – «Скайуокер. Шығыс». Фильмді барлық көрерменін қанағаттандырарлықтай аяқтау режиссерлер мен сценарийін жазушылар үшін қиынға соғатыны анық. Алғашқы фильмдер бойынша, Бен Соло Хана мен Лейдің жалғыз ұрпағы, ал, Люктің артында жалғастырушы ұрпақ қалмайды. Егер. Кайло Рен өмірі өліммен аяқталатын болса Скайуокер отбасының буыны аяқталады. Трейлері шыққанмен, көрермен көкейінде бірнеше сауалдар пайда болды. Ал, оған жауапты тек жылдың аяғында ала аламыз.

«Кекшілдер» / «Мстители»ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Мстители

Осы айдың аяғында жарыққа шығатын фильмнің төртінші бөлімі негізгі атауының қасына «Ойындар соңы» атты екінші атауды текке тіркемегені анық. Картина Marvel киностудиясының үшінші фазасын аяқтайды. «Кекшілдер» теориясы бойынша соңғы 11 жыл бойына кейіпкерлер күресіп келген жамандықтың бастауы Таностан осы жолы құтылуы тиіс.

Marvel кеңістігін әрі қарай не күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. Болашақ фильмдерден тек «Өрмекші адам: үйден жырақ» қана расталды. Ал, қалғаны екі фильмнің тұсаукесерінінен кейін ғана анықталмақ. Студия жаңа жобалармен жұмыс жасап жатыр, дегенмен, олардың арасында Темір адам, Америка капитаны мен Тор жоқ. Роберт Дауни-кіші, Крис Эванс пен Крис Хемсворттің компаниямен келісімшарты «Ойын соңы» тұсаукесерімен аяқталады. Соған қарағанда, болашақта Marvel ардагерлерін фильмдерден көрмеуіміз әбден мүмкін. Олардың орнын жаңа кейіпкерлер алмастыратыны анық.

«Робот Мырза» / «Мистер Робот»ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Мистер Робот

Хакерлер жайлы триллер «Робот мырза» сериалының төртінші маусымының тұсаукесері осы жылы болады. Сериал сыншылардың көңілінен шығып, басты рөлді сомдайтын Реми Малекке «Эмми» жүлдесін сыйлады. Маусым сайын көрермен саны артып, оның аяқталу уақыты созыла түсті. Тіпті, негізін қалаған Сэм Эсмейлдің өзі оны қысқа мерзімді жоба ретінде ұсынғанын айтқан болатын.

Осылайша, кино әлемінде көш бастап жүрген кеңістіктер осы жылы өз мәресіне жетпек. Болашақта бізді қандай кино әлемі күтіп тұрғаны беймәлім. Дегенмен, жаңа кейіпкерлермен көрісуге көрермендердің кетәрі емес екенінін де естен шығармаған жөн.

Т. Есқали