2019 жылы шығатын қаһармандық фильмдер

2019 жылы шығатын қаһармандық фильмдер
Фото: YouTube

Қаһармандық фильмдер әлемді жаулап алды. Комикске негізделе түсірілген кезекті фильмнің шығуы әркез нағыз оқиғаға айналып, кино әуесқойлар арасында пікірталас тудырады. 2019 жылы шығатын аты шулы қаһармандық фильмдер тізімін ұсынамыз.

Шазам (сәуір, 2019 жыл)

Қарапайым баланың енді керемет қабілеті бар: сиқырлы сөзді айтса болғаны бірден қаһарманға айналады. Денесі ересекке ұқсағанымен, мектеп оқушысындай ойлайды. Бұл фильммен "Жарық өшкенде" (И гаснет свет) қорқынышты фильмінің режиссері, "Дуа" (Заклятие) қорқынышты фильмінің продюсері, "Айналар" (Зеркала) қорқынышты фильмінің операторы және "Астрал" қорқынышты фильмінің қоюшы суретшісі жұмыс істеген. Бірақ ол – қорқынышты фильм емес, "ДиСи" ұсынған жаңа қаһармандық фильм.  

Жаңа мутанттар (сәуір, 2019 жыл)

Өз күштерін бақылай алмайтын және айналасындағыларға қауіп төндіретін жасөспірім мутанттар құпия жерде ұсталады. Ол қорқынышты үйге көбірек ұқсайды. Рөлдерде Чарли Хитон ("Очень странные дела"– Джонатан), Мэйси Уильямс ("Игра престолов " – Арья) және Аня Тейлор-Джой ("Сплит" – басты кейіпкер) ойнайды.

Капитан Марвэл (наурыз, 2019 жыл)

Жер, 1990 жыл. Ұшқыш әйел Кэрол Дэнверс басқа планеталықтардың басып кіру кезіндегі жарылыс нәтижесінде суперкүшке ие болады. Ол ерекше күшті дағдыға айналдыру керек болады. Басты рөлдерде  Бри Ларсон мен Джуд Лоу ойнайды.

Гамбит (маусым, 2019 жыл)

Арсыз, өзін жақсы көретін ұрлықшы, айла жасап карта ойнаушы Гамбит мутант болса да, тылсым күші бар адамдардың ісіне араласпайтын. Бір күні адамзат пен оған ұқсайтындардың ісінің оған да қатысы болады. Артқа шегінетін жол жоқ. Фильм бірнеше режиссерлерді ауыстырды. Басты рөлде осы кейіпкерді ойнауды армандаған Ченниг Татум болады.

Кек алушылар 4 (мамыр, 2019 жыл)

Кек алушылардың, Галактика сақшыларының және басқа да қаһармандардың құдыретті Таносқа қарсы тұруының екінші бөлімі болмақ. Бұл фильм көптеген жанкүйерлерді жылатты.

Икс адамдар: Қара Феникс (Люди Икс: Темный Феникс) маусым, 2019 жыл

"Икс адамдар" циклінің он үшінші фильмі Феникс кейіпкері туралы болады. Джин Грей атты мутант қыз телепатиялық және телекинетикалық дарынға және бағынбайтын "Феникс күшіне" ие. Басты рөлде Софи Тернер ойнайды.

А. Жапатова