Студенттерге арналған 3 фильм

Студенттерге арналған 3 фильм
Фото: rollingstone.com

Көктемгі семестр басталып, студенттер демалыстан соң оқуға белсене кірісе алмай жүргені анық. Демалысқа әбден үйреніп алған студенттерімізге мотивация беру үшін мынандай фильмдерді ұсынамыз:

1. «Екеуге арналған емтихан» (Экзамен для двоих)

989

Тина Фейдің сомдауындағы фильмнің басты кейіпкері – Принстон университетінің қабылдау комиссиясының мүшесі. Ол бір уақытта жеке өмірі, ұлы мен мансабы арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруы тиіс. 

Фильмде талапкерлердің өтініштерін қарастыру, оалрды таңдау үрдісі анық көрсетілген. Басты кейіпкер күн сайын талапкерлердің өздері туралы, олардың жетістіктері мен дағдылар туралы әңгімеерін тыңдай отырып, олардың арасынан таңдау жасауға міндетті. Бұл фильм болашақта шетелде оқимын деген студенттер үшін пайдалы болмақ.

2. «Әлеуметтік желі» (Социальная сеть)

ыыыы

Facebook компаниясы мен Гарвардтың атақты студенті Марк Цукербергтің өмірі туралы әйгілі туындыны бұл тізімге қоспасақ болмайды. Калифорнияның керемет табиғаты мен тартымды Джастин Тимберлейктен бөлек, фильмде кампус аумағындағы студенттік өмірге аса назар аударады. Бұл жерде университет қабырғасында өтетін спорттық жарыстар мен олардың беретін мүмкіндігі туралы анық көрсетеді. Екі сағат уақытыңызды қисаңыз, студенттік өмір мен студент бола тұра алға ұмтылған жас Марктің өмірбаянымен таныс боласыз.

3. «Испан бикеші» (Испанка)

ыыыы

Париж студенті Барселонаға келіп, түрлі ұлт өкілдерінен құралған топпен араласуға мәжбүр. Бір жыл оқу ішінде бірнеше ерекше жайтты басынан өткереді. Бұл фильм – алмасу бағдарламасы арқылы білім алатын студенттер үшін таптырмас көмекші. Бұл жерде тұратын жер іздеу, шығындарды басқару, өзге мәдени ортаның адамдарымен тіл табысу секілді шетелдік-студенттер тап болатын қиындықтар көрсетіледі. 

Фильмдерді қарай отырып, студенттік шақ ең керемет сәт екенін түсініп, оқуға құлшыныспен кірісіңіз!

Ал сіз қандай фильм ұсынасыз?

Т. Есқали