Disney биыл $5 миллиард табысқа кенелді

Disney биыл $5 миллиард табысқа кенелді
Фото: sintesistv.com.

Disney компаниясы биылғы жылы қомақты табысқа кенелді. "Компания биыл $5 миллиард табыс тауып, осымен үшінші жыл қатарынан осы көрсеткіштен түспей келеді", – деп жазады Deadline. 

Бұл көрсеткішке олар Marvel арқылы жетті деуге болады. Marvel Studios Walt Disney компаниясының еншілес компаниясы болып саналады.

Рагнарек фильмі прокатта $5 миллионнан астам пайда әкелді. Ең көп табыс әкелген фильмдер тізіміне «Сұлулық пен жыртқыш», «Галактика сақшылары: 2-бөлім» және «Кариб теңізінің қарақшылары: өлгендер ертегі айтпайды» фильмдері енген. 

Айта кетейік, Уолт Дисней компаниясы (The Walt Disney Company) — ойын-сауық өндірісі жөнінен әлемнің ең ауқымды қаржы конгломераттарының бірі. Оны 1923 жылы 16 қазанда Уолтер және Рой Дисней есімді ағайындылар құрған.

Ж. Жұмағұлов