Өнер тарихындағы ең қымбат кинопостер

Өнер тарихындағы ең қымбат кинопостер
Фото: vk.com

Heritage Auctions бәссауда үйінде кинопостер сатылымы бойынша рекорд орнатылды. 1931 жылы шыққан атақты «Дракула» фильмінің постері $525,8 мыңға өтті.

Heritage Auctions компаниясына жарты миллионнан астам пайда әкелген плакаттың жоғары бағалануына оның хоррор жанрының классикасы саналатыны себеп болса керек.

Бұрын рекордтық бағаға сатылған екі фильм постері болған. Солардың бірі осы жылдың жаз айларында өткен саудада сатылды. «Касабланка» картинасының плакаты $478 мыңға бағаланған. Ал,  2012 жылы дәл осылай жарты миллионға жуық ақшаны  америкалық «Түн ортасынан кейінгі Лондон» фильмінің афишасына төлеген.

Сонымен, әзірге ең қымбат кинопостерде «Дракула» фильмінде басты рөлді сомдаған Бел Лугоши бейнеленген. Афиша 1950-ші жылдардан бастап осы күнге дейін  Сан-Диего қаласындағы кино өнері тарихын зерттеуші Джордж Дж. Митчелл есімді азаматтың үйінде сақталып келген. 

А. Оралқызы