Босқындар туралы жан тебірентер фильм трейлері шықты

Босқындар туралы жан тебірентер фильм трейлері шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде белгілі қытайлық суретші Ай Вэйвэйдің миграциялық дағдарысқа арналған "Адамзат ағыны" аталатын деректі фильмінің трейлері пайды болды.

"Адамзат ағыны" Amazon сайтының қолдауымен түсірілді. Картина премьерасы 30 тамызда басталатын Венеция-2017 кинофестивалінде болады. Босқындар мәселесіне арналғандықтан болса керек, аталған фильм – нағыз жан тебірентер туынды. Ол  Сирия, Ауғанстан, Италия мен Бангладеш сынды әлемнің 22 елінде түсірілген.

"Әлем бойынша 65 миллионнан астам аштық пен соғыстан қашу мақсатында туған үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Босқындар дағдарысы – адамзат дағдарысы. Босқындар мәселесіне бейжай қарау адами құндылықтардың жоғалғанының белгісіндей. Баратын жері жоқ адам қай жерде де бөтен", – дейді суретші өз картинасы туралы. "Адамзат ағыны" адамзатқа ой салатын визуалды хат болары анық.

Картина прокатқа қазан айында шығады.

А. Оралқызы