Уильям мен Гарри ханзадалар "Жұлдызды соғыстардың" кезекті шығарылымында ойнауы мүмкін

Уильям мен Гарри ханзадалар "Жұлдызды соғыстардың" кезекті шығарылымында ойнауы мүмкін
Фото: vk.com

"Жұлдызды соғыстар" киножелісінде Финн есімді кейіпкерді сомдаған Джон Бойега  BBC радиосына сұхбат берді. Ондағы негізгі тақырып актердің жаңа Detroit фильмі төңірегінде болса да, жүргізуші көпшіліктің сүйікті картинасына айналған киножелі туралы сұрақтар қоюды да жөн көрді. Олай етпеске болмады. Себебі, желінің жаңа шығарылымында ағайынды Уильям мен Гарри ханзадалар ойнайды деген болжам көрерменді мазалап жүрген басты сұраққа айналып үлгерген.

Осы мәселе турасында актер: "Меніңше, ол сценаны алып тастайды ғой деймін",- деген қалжыңмен қысқа қайырды.

Ал, көрермен ханзадаларды кинокартинадан көруге асық. Енді тек күтуге тура келеді. 

А. Оралқызы