Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Муфаса мен Шрам ағайынды емес болып шықты

Муфаса мен Шрам ағайынды емес болып шықты

Муфаса мен Шрам ағайынды емес болып шықты

"Арыстан патша" мультфильмінің режиссері Роб Минкофф пен продюсер Дон Хан Hello Giggles басылымына берген сұхбаттарында Муфаса мен Шрамның ағайынды емес екенін айтты. Авторлар сюжетті жазу барысында арыстандардың шынайы табиғи ортада өздерін қалай ұстайтындарын негізге алған. 

"Арыстандар үйірінің патшасы қартайған кезде оны өзге топтан келген арыстан өлтіреді. Үйірдегі ұрғашы арыстандар сол өзге топтың арыстанынан төлдеп, абдандар (арыстан төлі) дүниеге келеді. Кейін арыстан патша төлінің бірі өсіп, басқа топтан келген арыстанды өлтіреді де, сол үйірді өзі басқарады. Кейбір үйірлерде екі патша арыстан болады. Бірақ, олардың құқықтары тең емес. Біреуі міндетті түрде басым болады",– дейді Хан мырза.

Продюсер айтуынша, мұндай арыстан патшалар ешқашан қандас болмайды. Мультфильмнің басында да Шрам өзінің Муфаспен туыс емес екенін айтады. Дегенмен, кейінгі минуттарда басты кейіпкерлер бір-бірін «аға-іні» атаса да, бұл сөздер ауыспалы мағынада қолданылады.

29 тамыз күні осы мультфильмнің Digital HD мен Blu-ray форматтарындағы жаңа нұсқасы шығады. Disney компаниясы таспаға картинаның жасалуына қатысты қосымша ақпарат ұсынғалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Арыстан патша" алғаш рет 1994 жылы экранизацияланды. Картина екі мәрте "Оскар" (Элтон Джонның Can You Feel the Love Tonight әні мен Ханс Циммер музыкасы үшін), үш "Алтын глобус", үш "Грэмми" сыйлығын иеленді. Әлемдік прокатта мультфильм миллиард доллар касса жинады. Ал, оның жасалуына бар болғаны $ 45 миллион АҚШ доллары жұмсалған.

2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 21 тамыз 2017, 16:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.