"Тақтар ойынындағы" тәтті бәліштер сатылатын мейрамхана ашылды

"Тақтар ойынындағы" тәтті бәліштер сатылатын мейрамхана ашылды
Фото: vk.com

"Тақтар ойынында" Ыстық Бәліш (Горячий Пирожок) лақап атына ие аспаз жігітті сомдайтын британиялық актер Бен Хоуки Лондон қаласында өз мейрамханасын ашты. Ол "Сен ештеңе білмейсің, Джон Доу" ("You Know Nothing Jon Dough") деп аталады. Бұл  "Сен ештеңе білмейсің, Джон Сноу" фразасының өзгертілген нұсқасы. Мұндағы dough сөзі қазақ тілінде "қамыр", "ашытқы" деген мағына береді.

Хоукидің наубайханасында тек сериалда ғана жасалатын бөрі пішініндегі бәліштерді ғана алуға мүмкіндік бар. "Тақтар ойыны" сериалының тұрақты көрермендерінің сүйікті тәттісі жүгері ұннан, бидай мен апельсин қабығынан даярланады. Бірақ бұл тағамның толық құрамы құпия сақталады.

"Ыстық Бәліш даярлайтын бөрі пішінді бәліштер – көрермендердің сүйікті тағамы. Адамдар үнемі оның толық құрамын сұрайды. Мен оның құпиясын аша алмаймын. Дегенмен менің наубайханама келген адамдар бәліштің дәмін татып көре алады. Ол үшін сериалдағыдай қауіпті сапарға аттанудың қажеті жоқ. Бізде тегін жеткізу қызметі жұмыс істейді ", - дейді актер. 

А. Оралқызы