«Тақтар ойыны-7» сериалы: Конор МакГрегор кімнің рөлін сомдайды?

«Тақтар ойыны-7» сериалы: Конор МакГрегор кімнің рөлін сомдайды?
Фото: google.com

Кеше әлем жұрты көптен күткен «Тақтар ойыны» сериалының 7 маусымы басталды. Бұл сериал Джорд Мартиннің «Мұз бен алау жыры» романының желісімен түсіріліп келеді. Старк, Таргариен, Ланнистер және тағы басқалардың таққа таласы баяндалған туындының алдыңғы бөлімдері өте қызықты болатын. Ал осы маусымда көрермендерді не күтеді?

Бұл бөлімде Джон Сноу мен «Қанды үйлену тойындағы» Старктардың өлімі секілді жан шошытарлықтай қазаның болу-болмауы белгісіз. Белгілісі: Таргариендер әулетінен шыққан боранда туған, жеңілмейтін, көне Валирияның қанынан жаратылған, Миэрин ханшасы, Андалдар, Ройнарлар мен алғашқы адамдар ханшасы, Ұлы Дотракий теңізінің кхалисиі, кісендерді сындырушы және Айдаһарлар анасы Дейенерис Таргариеннің Вестеросқа келуі.

7-маусымның алғашқы 3 бөлімінің атауы да белгілі: олар «Айдаһар тасы», «Боранда туған», «Патшайым әділдігі». Жалпы 7-маусым 7 бөлімнен тұрады. Олар 16 шілде, 23 шілде, 30 шілде, 6 тамыз, 13 тамыз, 20 тамыз, 27 тамызда жарыққа шығады.

Болжам бойынша бұл маусымда Солтүстік патшасы мен боранда туған Дейенерис Таргариен кездеседі деседі. Себебі оларды байланыстыратын күш бар. Бұның қандай күш екендігі сериал барысында түсінікті болады.

Бұл жолы сериал жаңа есімдермен толығады:

Джим Бродбент (Марвин, қамал архимейстрі), Меган Паркинсон (Алис Карстарк), Джозеф Куинн (Конер), Брендан Моррисси (Фрей лорд), Филип О'Салливан (қамал мейстері), Конор МакГрегор (Эурон Грейджояйдың қол астындағы «Үндеместер» тобының мүшесі), Брендан Коуэлл (Харраг), Рори Дигнем, Пол Уорд, Бен Фокс, Эд Ширен.

Нені байқадыңыз? Иә, иә, бұл маусымда Конор МакГрегорге де рөл табылды. 

Г. Берік