"Тақтар ойыны" түсірілген жерлерге саяхат

"Тақтар ойыны" түсірілген жерлерге саяхат

"Тақтар ойыны" түсірілген жерлерге саяхат жасауға дайынсыз ба? Ендеше, кеттік. Саяхат барысында Вестеростың жеті патшалығын да көретіңізге сөз береміз.

1. Испания

Дорн патшалығының түсірілімі Испания елінің Севилья мекенінде жүргізілді. Дотракий теңізін Наварра провинциясындағы  Барденас-Реалес аталатын жартылай шөлді аймақта түсірген.

2. Марокко

Құл сатушылар шығанағы — шын өмірде марокколық Эс-Сувейра қаласы. Бірнеше жүзжылдықтар бұрын бұл жерде расымен де құл сатушылық орын алған.

3. Мальта

Бірінші маусымның түсірілімі тұтастай осы Мальта жерінде өткен. Дайенерис Таргариен мен дотракийліктер ордасының патшасы Дрогоның тойы мальталық Гозо аралында түсірілді.

4. Хорватия

Үшінші және төртінші маусым түсірілімдері Дубровник қаласында жүргізілді. Декорация ретінде Князь сарайы, Спонц сарайы, Лавренац қамалы және Минчет мұнарасы таңдалған. Бесінші маусымның бірнеше сценасы Сплит қаласындағы Диоклетиана сарайында түсірілген.

5. Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия

Бұл елдерде Корольдік тракті, Дауылды Жерлер, Қара Саарай казармалары мен Қаһарлы үй түсірілген. Старктар әулетіне тиесілі Винтерфелл сарайының прототипі ретінде Белфаст жанындағы Уард сарайы таңдалған. 

6. Исландия

Мұздықтар елінде Вестеростың нағыз солтүстік нүктесі -  Ұлы қорғанның арғы бетіндегі жерлер орналастырылған. Джон Сноу мен Игритт кездесетін жерлер –  Снайфедльсйёкюдль мұздығы мен Гроутагьяу үңгірі.

Бұлар – фильм түсірілген негізгі 6 ел. Тізімге бірнеше ғана эпизод түсірілген Калгари (Канада) және Лос-Анджелес (АҚШ) қалалары енбеді.

А. Оралқызы