Джеймс Бонд туралы 25-ші фильм көрерменге жол тартады

Джеймс Бонд туралы 25-ші фильм көрерменге жол тартады
Фото: vk.com

Аты аңызға айналған 007 агент туралы мерейтойлық 25-ші фильмнің прокатка қашан шығатыны белгілі болды. Бондиананың Ұлыбританиядағы премьерасы 2019 жылдың 8 қарашасында өтеді. Оның басқа елдердегі премьералары және толық актерлік құрамы кейінірек белгілі болады.

Осыған дейін жарияланған ақпарат бойынша, фильм сценарийін "Рояль казиносы", "Мейірімділік кванты", "Скайфолл координаты", "Спектр" фильмдерінің сюжетімен жұмыс істеген Нил Первис пен Роберт Уэйд жазатын болды.

Шілде айының басында фильм продюсері Барбара Брокколи 007 агенттің рөлін Дэниел Крейг сомдайтынын хабарлаған болатын. Ал, музыканы әнші Адель жазады. 

Бонд туралы соңғы фильм, яғни 24-ші картина "007: Спектр" аталады. Оның премьерасы 2015 жылы жасалған. Осыған дейін Крейг Бонд рөлін 4 мәрте сомдаған екен. 

А. Оралқызы