Әлемнің барлық тілдеріне аударылған роман авторы Джером Сэлинджер туралы фильм трейлері шықты

Әлемнің барлық тілдеріне аударылған роман авторы Джером Сэлинджер туралы фильм трейлері шықты
Фото: vk.com

“Қара бидай арасындағы құрдым” (“ Над пропастью во ржи ”) атты культті романның қалай жазылғаны туралы түсірілген фильмнің алғашқы трейлері шықты.

Кинокартинада жазушы рөлін Николас Холт сомдаған. Сондай-ақ, фильм түсіріліміне Кевин Спейси және Зои Дойч сынды танымал актерлер қатысты. Шағын промороликте Сэлинджердің соғыста жүрген кезі және Уна О'Нилмен кездесуі көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы 15 қыркүйекке белгіленген. 

Естеріңізге сала кетейік, Сэлинджердің бұл романы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы Америка әдебиетінің басты туындысы есептеледі.

А. Оралқызы