«Алиса айнаның арғы бетінде» фильмі – DVD форматында

«Алиса айнаның арғы бетінде» фильмі – DVD форматында

Қазақша дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмі DVD және BLU-RAY форматында жарыққа шығады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Былтыр Қазақстанның үлкен экрандарында Disney студиясының тамаша туындысы қазақ тіліне дубляждалған болатын. Бұл Льюис Кэроллдың ұмытылмас кейіпкерлері қатысатын кезекті, әсерлі оқиғасы болмақ. Алиса Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін өткен шаққа саяхатқа аттанып, Жер астының хикметті әлеміне қайта оралады.

Туындының режиссері Джеймс Бобин, Тим Бертонның «Ғажайып әлемдегі Алиса» фильмінде құрған өзгеше әлемге өзінің ерекше көзқарасын енгізді. Ал фильмнің сценариін Льюис Кэролл ойлап тапқан кейіпкерлер негізінде Линда Вулвертон жазып шыққан.

Қазақша дубляждың режиссері болып, бұған дейін «Джунгли кітабы», «Күлбике», «Малефисента» фильмдерінің, «Көліктер» анимациялық мультфильмінің және басқа да туындылардың аудармаларында атсалысқан Айжан Жамшитова қатысты.

Дубляжға жиырмадан астам қазақстандық актер қатысты. «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмінің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын: Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири) сыйлады.

Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде» атты жаңа еліктіргіш оқиғасы көрермендерге Льюис Кэрроллдың қаламынан шыққан сүйікті кейіпкерлермен көптен күткен кездесуін сыйлайды. Алисаны өзінің досы, Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін алда күтпеген жағдайларға және ғажайып жаңалықтарға толы сапар күтіп тұр.

«Ғажайып әлемдегі Алиса» фильмінде Жер астын мекендейтін әйгілі кейіпкерлер, танымал жұлдыздар ұжымының арқасында қайта жанданады. Джонни Депп – Тарант Цилиндр, Ессіз Қалпақшы ретінде көбірек танымал.

Энн Хэтуэй Мирананың рөлінде – жуас және мейірімді Ақ патшайым, Жауыз Қызыл патшайымның сіңілісі болып қайта оралады. «Бұл фильмде Мирананың  соншалықты мінсіз емес екендігі жайындағы идея қызықтырды. Оның бойында да апасына тән жағымсыз қасиеттер бар, бірақ ол оны барынша жасыруға асық», – дейді Хэтуэй. Ол жақсылықтың жағында болғанмен, біз басында ойлағандай, бәрі де оңай емес екенін білетін боламыз».

Миа Васиковска – Алиса Кингсли, Викториандық Лондонда өскен жігерлі, қиялшыл әрі нонконформист қыз. Қазір ол жасөспірім және өзінің туа біткен әуесқойлығы мен талпынысы арасындағы үйлесімдікті табуға тырысады сонымен қатар айналасындағылардың көңілінен шыққысы келеді. «Алиса – керемет кейіпкер, өйткені ол тәуелсіз, өз кемесінің капитаны болған сапардан оралған соң өз – өзіне деген сенімі арта түседі», – дейді Васиковска.

Ирацебетаны, бұрынғы Жер асты патшасы, өзінің сіңілісі Мирананы ұнатпайпын, теңгерімсіз Қызыл Ханшайымды Хелена Бонэм Картер ойнайды, ал Мэтт Лукас өздерін бала сияқты ұстайтын және әрдайым даурығып жүретін, толықша егіздер Траляля мен Труляляны қайтадан дыбыстады.

Г. Берік