"Темір адам" жақында ғаламат жаңалық болатынын жариялады

"Темір адам" жақында ғаламат жаңалық болатынын жариялады

Кіші Роберт Дауни өзінің Twitter парақшасында «Кек алушылар 2: Альтрон эрасы» фильмінің постерін салып, жақында үлкен жаңалық болатынын жазды.

Роберт бұл туралы: «8 күннен кейін үлкен жаңалықты білетін боласыздар», деп тұспалдап жеткізді.

Роберт пен Marvel студия арасындағы келісімшарт «Кек алушылардың» үшінші бөлімі шыққаннан кейін бітетінін естеріңізге сала кетейік. Marvel студиясы Тони Старктың рөліне басқа адамды тағайындауы әбден мүмкін.

2014 жылғы қазан айында өткен Дэвид Леттерман бағдарламасында Роберт: «Темір адам 4» фильміне ешқандай жоспарым жоқ. Басқа жоспарлар әрине бар, олар жайлы жақында хабардар боласыздар. Marvel бәрін құпияда ұстағанды жақсы көретінін білесіз ғой» деген еді. Жүргізушінің «Тони Старк рөліне болашақта қайтып келесіз бе?» деген сұрағына: «Жоқ. Бірақ Marvel студиясымен басқа жобаларымыз бар екенін айтқым келеді» деп жауап берген болатын.

«Кек алушылар 2: Альтрон Эрасы» фильмі 2015 жылдың мамыр айында көрерменге жол тартады. Ал үшінші бөлімі екіге бөлініп, 2018 және 2019 жылдары шығады деп жоспарлануда.

Сурет: moviepilot.com

Оқи отырыңыз:

"Форсаж 7" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылды

Әншілер фильмдегі рөлді алып шыға алды ма?

"Келін" телехикаясының шығу тарихы қандай?

"Оскар - 2015" жүлдесінің иегерлері

Ф. Абилова