"Келін" телехикаясының шығу тарихы қандай?

"Келін" телехикаясының шығу тарихы қандай?

"Келін" – небары 8 жасында тұрмысқа шығатын қыздың оқиғасы баяндалған телехикая. Телехикаяда жас баланың мойнына артылған ауыртпалық көрініс тапқан эпизодтар көрсетіледі. Басты кейіпкер өз үйінен ұзап, жат жерге барады.

Аталған телехикаядан бүгінгі таңда Үндістанда жалғасын тауып жатқан үрдісті көреміз. Мысалы, телехикая түсіріліп жатқан Раджастан өлкесінде қалыңдықтардың орташа жасы – 15. Бұл – ел ішіндегі үздік рекорд. Осы секілді Мадия-Прадеж, Каттисгар, Бихар, Орисса өлкелерінде қыз бала 15-19 жасында-ақ шаңырақ көтеріп, барған үйінің отынын түтетіп отырады. Ал ата-аналары келісім-шартқа жас жұбайлардың 1 жасында қол қойып қояды.

Үндістан елінде қыздардың ерте тұрмысқа шығу үрдісі ХІ ғасырдан басталған. Ол уақытта елді мұсылмандар жаулап алған еді. Мұсылман әскерлері күйеусіз жүрген жас қыздарды ешбір келісімсіз әйелдікке алатын болған. Сол себепті, тағдырына алаңдаған ата-аналар қыздарын ерте жастан бастап тұрмысқа берген.

Осы күндері Үндістанда ер адам 21 жаста, әйел адам 18 жаста үйленуі керек деген заң бар. Өкінішке орай, қарапайым тұрғындар бұл заңға аса назар аудармайды. Оның басты себебі – қызын ауқатты күйеу жігітке тұрмысқа беру арқылы әлеуметтік-тұрмыстық қиындықтарды шешу.

Ата-аналар қыздарын тұрмысқа берудің арқасында оларды оқыту, киім-кешекпен қамтамасыз ету жүгінен арылады. Ал күйеу жігіттің отбасы өз кезегінде үй шаруасымен тегін айналысатын күтушіге ие болады.

Заңды бұзған үшін салынатын 150 еуро айыппұл, тұрмеге қамалу сындыларды оңай өткеруге болады. Мұнымен қатар, міндетті түрде шіркеуге барып, ресми тіркелудің де қажеті жоқ. Көп жағдайда үйлену тойлары барша ауыл немесе аудан қатысатын үлкен мереке түрінде өтеді. Қыздардың құқығын қорғау ұйымдары бұл әрекетке кедергі жасауға тырысады. Ал қарапайым халық өз пиғылдарын салт-дәстүрмен жасырады. "Келін" телехикаясының түсірудің басты мақсаты да осында. Қыздарды тұрмысқа ерте беру тозығы жеткен дәстүр екенін көрсету арқылы адамдардың санасына әсер ету. Осы әрекетімен режиссер үнді қыздарының құқығын басқаша қорғауға кіріскен сыңайлы. 

Ал Сіздің қыздарды ерте тұрмысқа беру туралы пікіріңіз қандай? 

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай