"Форсаж 7" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылды

"Форсаж 7" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылды

2015 жылдың 10 наурызында Абу-Дабиде өтуі керек болған «Форсаж 7» боевигінің премьерасы өтпейтін болды, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Universal студиясының бұл шешімінің себебі бар. Шамамен сол уақытта фильмнің басты рөлін сомдаушы Вин Дизельдің үшінші баласы дүниеге келеді. Бұған дейін Вин өзінің жеке өмірі туралы ешқандай ақпарат бермеген еді.

Продюсерлер бұл жайында ешқандай пікір айтқан жоқ. Енді фильмнің премьерасы 1 сәуір күні Лос-Анджелесте өтуі керек.

Фильмде, сондай-ақ, Джейсон Стэтхэм, Дуэйн Джонсон, Вин Дизель, Пол Уокер, Лукас Блэк, Мишель Родригес, Джордана Брюстер, Эльза Патаки, Курт Рассел, Ронда Раузи секілді әртістер ойнайды. Қоюшы режиссер – Джеймс Ван.

Фильм әлемдік прокатқа 2015 жылдың 3 сәуірі шығады. Қазақстанда шамамен 9 сәуірде көрсетіледі.

Сурет: moviepilot.com

Оқи отырыңыз:

Әншілер фильмдегі рөлді алып шыға алды ма?

"Келін" телехикаясының шығу тарихы қандай?

"Оскар - 2015" жүлдесінің иегерлері

"Үздік фильм 2015" аталымын қай фильм иеленді?

Ф. Абилова