"Оскар - 2015" жүлдесінің иегерлері

"Оскар - 2015" жүлдесінің иегерлері

Күні кеше Лос-Анджелес қаласында әйгілі "Оскар" жүлдесінің 87-ші марапаттауы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything" фильмінде ойнаған Эдди Редмейн "Үздік актер" аталымының жүлдегері атанды. Ал "Үздік актриса" жүлдесінің иегері "Әлі де Элис/Still Alice” фильмінде ойнаған Джулианна Мур болды.

Алехандро Гонсалеса Иньярритудің "Бердмен" фильмі "Үздік фильм" аталымымен қоса "Үздік сценарий", "Үздік оператор", "Үздік режиссер" аталымдарының жүлдегері атанғанын айтқан едік.

"Оскар - 2015" жүлдегерлерінің толық тізімі:

"Үздік фильм" - "Бердмэн"

"Үздік режиссер" - Алехандро Гонсалес Иньярриту  – "Бердмэн"

"Үздік актриса" - Джулианна Мур - Әлі де Элис/Still Alice”

"Үздік актер" - Эдди Редмэйн - "Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything"

"Екінші пландағы үздік актер" - Дж.К.Симмонс - "Ынталану/Whiplash"

"Екінші пландағы үздік актриса" - Патриция Аркетт  - "Балдәурен/Boyhood”

"Үздік оператор" - Эммануэль Любецки – "Бердмэн"

"Шет тіліндегі үздік фильм" - "Ида"

"Үздік адаптацияланған сценарий" - "Имитация ойыны/The Imitation Game"

"Үздік оригиналды сценарий" - "Бердмэн"

"Костюмдердің үздік дизайні" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"

"Үздік грим мен шаш үлгісі" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"

"Үздік визуалды эффект" - "Интерстеллар"

"Үздік суретші-қоюшы" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"

"Үздік анимациялық фильм" - "Ержүректілер қаласы/Big Hero 6"

"Үздік деректі фильм" - "Азамат 4/Citizenfour"

"Үздік монтаж" - "Ынталану/Whiplash"

"Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" - "Пир/feast"

"Үздік қысқаметражды деректі фильм" - "Ардагерлерге арналған сенім телефоны/Crisis Hotline: Veterans Press 1"

"Үздік дыбыс монтажы" - "Снайпер"

"Үздік дыбыс" - "Ынталану/Whiplash"

"Үздік әуен" - "Сельма"

"Үздік саундтрек" - "Гранд Будапешт" қонақүйі/The Grand Budapest Hotel"

Міне, "Оскар" жүлдесінің 2015 жылғы иегерлері сізге де таныс болды. Сіз бұлардың қайсысын көрдіңіз? Оларды аталымына лайық деп танисыз ба?

Сурет: google.plus.com

Оқи отырыңыз:

"Үздік фильм 2015" аталымын қай фильм иеленді?

2015 жылғы Оскар сыйлығынан кімдер үмітті?

"Алтын глобус-2015" жүлдесін кімдер иеленді?

2014 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

Ф. Абилова