Бұл жылы қандай комедиялар көрерменге жол тартады?

Бұл жылы қандай комедиялар көрерменге жол тартады?

Кино әлеміндегі ерекше жанрлардың бірі - комедия. Ол еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейінгі аудиторияны қамтиды. Сапалы комедиялар тек күлдіріп қана қоймай, достарыңызбен көңілді уақыт өткізуге де себепші болары анық. Сонымен заманауи комедияның майталмандары көрермендерге қандай тосын сый жасамақшы? Назарларыңызға 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында шығатын ең үздік комедиялар рейтингін ұсынамыз.

Режиссер Джереми Гареликтің "Жалға алынған жүргізуші" комедиясы 8-орынға ие болды. Басты рөлдерде Кевин Харт, Джош Гад, Кейли Куоко сынды белгілі әртістер ойнайды. Фильм үлкен экранға 2015 жылдың 1 сәуірінде шығады. 

1

7-орынға режиссер Пол Фигтің "Тыңшы" комедиясы лайық деп танылды. Бұл фильмнен Мелисса МакКарти, Джуд Лоу, Роуз Бирн, Джейсон Стэтхем сынды әртістерді көре аламыз. Әлемдік премьера 2015 жылдың 22 мамырында өтеді.

6-орын режиссер Оливье Накаш пен Эрик Толеданның "Самба" комедиясына бұйырды. Басты рөлдерде Омар Си мен Шарлотта Генсбур ойнайды. Бұл тамаша туынды үлкен экранға 2015 жылдың 19 наурызында шығады.

3

Питер Фаррелли мен Бобби Фарреллидің "Ақымақ және одан да ақымақ - 2" комедиясы 5-орында. Басты рөлдерде Джим Керри мен Джефф Дэниелс сомдайды. Бұл фильм 22 қаңтарда көрермендерге жол тартқан болатын.  

4

Джейсон Фридберг пен Аарона Зельцордың "Суперфорсаж" фильмі 4-орынға табан тіреді. Басты рөлдерді Андреа Наведо, Эймин Джозеф және Дэниэл Буко сомдайды. Комедия 19 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды. 

3-орын режиссер Джо Дантенің "Менің қызым - зомби" комедиясы. Басты рөлдерде: Антон Ельчин, Эшли Грин және Александра Даддарио. Фильм үлкен экранға 2015 жылдың 18 ақпанынан бастап шығады. 

7

Режиссер Сет МакФарлейннің "Үшіншісі артық" комедиясы 2-орынға жайғасты. Басты рөлдерде: Марк Уолберг, Сет МакФарлейн, Аманда Сайфред, Лиам Нисон. Комедия үлкен экранға 30 шілдеде шығады.

1-орынды Дэвид Кептің "Мордекай" комедиясы алды. Басты рөлдерде: Джонни Депп, Пол Беттани, Юэн МакГрегор, Гвинет Пэлтроу ойнайды. Үлкен экранға 2015 жылдың 19 ақпанында шығады. 

Бұл комедиялардың барлығы көпшілік көңілінен шығады деген сенімдеміз. 

Сурет: nypost.com, www.ramascreen.com 

Оқи отырыңыз:

"Америкалықтарша тонау" фильмі көрермендерге жол тартты

"Жабайы оқиғалар" фильмі жайлы бірер сөз

"Тұтқындалған 3" фильмі қазақстандық прокатқа шығады

"G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы 3" фильмінің режиссері анықталды

Ж. Исакаев