"Жабайы оқиғалар" фильмі жайлы бірер сөз

"Жабайы оқиғалар" фильмі жайлы бірер сөз

13 қаңтар күні Меломан және Арман кинотеатрларының бірігуімен «Жабайы оқиғалар» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған фильм 2014 жылы Канн кинофестиваліне қатысып, көрермендер ықыласына бөленгенін айтқан болатынбыз. Бұл туынды алғаш Аргентинада прокатқа шығып, 500.000 көрермен жинаған. "Жабайы оқиғалар" комедиясына продюсерлік еткен – танымал испандық режиссер Педро Альмодовар.

Фильмнің сюжеті алты оқиғаға негізделген. Габриель Пастернак өзін ренжіткен адамдарды бір жерге жинап, кек алуымен басталатын фильмнің соңы мүлде басқаша аяқталады.

Жалпы, фильмнің мақсаты – кез келген адам өмірінде әртүрлі қиындыққа кезігетіні және олардың пайда болуы тағдырдың тәлкегі екенін түсіне білу. Жуас, момын адамдардың ашу-ызаға берілуінің арты неге апаратыны көрерменді ойландырады.

Алты оқиғаның да негізгі идеясы – кекшілдік. Фильмді комедиялық триллер деп те атауға болады. Себебі, фильм барысында көрерменді кейде ұялтатын, кейде қорқынышты сезімге бөлейтін сюжеттер кездеседі.

Шынайы өмірден алынған оқиғаларды баяндаумен режиссер ұтымды картина жасаған. Оның үстіне күле отырып, қоғамдағы маңызды мәселелерді астарлы түрде түсінгендей боласың. Ал, егер бұл сюжет «байсалды» мәнерде берілсе, адам өзгеше әсерде болар ма еді?

Сурет: essener-filmkunsttheater.de

Өзге де рецензияларды оқи отырыңыз:

Бұл − әдеттегі ертегі емес

"Перизаттар: құбыжық туралы аңыз" анимациялық фильмі туралы

"Сәбина келін" фильмі туралы

Ф. Абилова