"Жабайы оқиғалар" фильмі прокатқа шықты

"Жабайы оқиғалар" фильмі прокатқа шықты

15 қаңтар күні Дамиан Сифрон жетекшілігімен түсірілген «Жабайы оқиғалар» фильмі прокатқа шығады. Аталмыш фильм 2014 жылы Канн кинофестиваліне қатысып, көрермендер ықыласына бөленген болатын.

Бұл туынды алғаш Аргентинада прокатқа шығып, 500.000 көрермен жинады. "Жабайы оқиғалар" комедиясына продюсерлік еткен – танымал испандық режиссер Педро Альмодовар.

Бұл туындыда алты оқиға бейнеленіп, әртүрлі образдар астасады. Фильмде шынайы өмірде кездесетін табысқа талпынушылық, бәсекелестік, тұрақсыздық, стресс пен күйзеліс сияқты жағдайлар бейнеленеді.

Алты түрлі оқиға иелерінің тағдыры бір-бірімен қалай байланысты? Шиеленіске толы оқиғалардың соңы немен аяқталады? Бұл сұрақтарға жауап алғыңыз келсе, «Жабайы оқиғалар» фильмін жіберіп алмаңыздар. Фильм 15 қаңтардан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі.

Сурет: adorocinema.com

Видео: youtube.com

Оқи отырыңыз:

"Аналар-3" фильмі прокатқа шықты

Бұл − әдеттегі ертегі емес

"Перизаттар: құбыжық туралы аңыз" анимациялық фильмі туралы

"Сәбина келін" фильмі туралы

Ф. Абилова