Әншілерге пародия жасаған бүлдіршіндер (Видео)

Әншілерге пародия жасаған бүлдіршіндер (Видео)
Фото: www.youtube.com

Қазіргі қоғамның қарқынды дамыған заманында еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ғаламтордың қандай екенін жақсы біледі. Әлеуметтік желілерден жеке парақша ашып, тез арада жаңа шыққан ақпараттардан хабардар болып отырады. Оның үстіне бұрынғыдай жаңа әнді үнтаспадан қашан шығатынын күтпей-ақ жылдам өзіне жүктеп алады, онымен қоймай, бейнебаянын қатар көріп, тіпті кейбір күлкілі образдарды өздері сомдап, желіге жүктейді. Осындай қызықты видеоларды Нұрдәулет пен Сәбина атты қос бүлдіршін де қолға алған екен. Әннің дауысын өзгертіп, сценарийін өздерінше ойлап табатын балалар желінің жұлдыздары қатарына енді. Тоғыз жүз мыңнан аса көрілім жинаған балалардың қызықты пародияларын тамашалаңыздар. 

Назарларыңызда, Роза Әлқожа мен Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы "Әпке" әніне түсірген бейнебаяндары.

Тау асып айырқалпақты ағайындарға дейін үні жеткен Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның "Алло" әні де балалардың назарынан тыс қалмаған екен.  

 

B. ZHAQSYMBET