ВИДЕО: Оралдық студенттер Gangnam Style-ға пародия түсірді

ВИДЕО: Оралдық студенттер Gangnam Style-ға пародия түсірді

Орал қаласында орналасқан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері Оңтүстік Кореялық орындаушы PSY-дың Gangnam Style клипіне пародия түсірді.

Роликті түсіру туралы идея жастарға студенттік кешке дайындық барысында келіпті. "Біз осылайша Gangnam Style-ға пародиялық ролик түсіруді шештік, - деп сұхбат беріпті журналистерге оқу орнының 1 курс студенті Абылай Оразалин. - Біз группаластарымызбен жиналып клиптің сценрийін жазып шықтық. Түсіру және монтаж жұмыстарына кәсіби мамандар көмектесті. Клипті түсіруге бір күндей уақыт кетті".

Клип студенттердің қиын да көңілді өмірі туралы баян етеді. Роликте басты рөлді бірінші курс студенті Мақсат Тарғынов сомдаған. Мақсаттың түр әлпеті де Оңтүстік Кореялық әншіге келіңкірейді екен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: YouTube сайтынан кадр