Қай жануар қалай ұйықтайды?

Қай жануар қалай ұйықтайды?

Аристотель өзінің трактатында: "Суда, құрлықта, аспанда өмір сүретін жануар болсын, түс көретіні анық", - деп жазған. Бұл ұйықтап жатқандағы жануарлардың қимыл-қозғалысынан байқалады. Мәселен, ит ұйықтап жатқанда, үреді. Демек "түс көріп жатыр" деуге негіз бар. Ал қай жануардың қалай ұйықтайтыны сізге қызық болар? Ендеше, ұйықтар алдында мына қызыққа көз жүгіртіп өтіңіз. 

Аққудың ұйқысы. Аққу суда ұйықтай береді. 
Керіктің ұйқысы. Керік кейде көзін жұмып, тұрып та ұйықтайды екен. Ал осылай жиналуы үшін біраз уақыт қажет. 
Сегізаяқтың ұйқысы. Сегізаяқ екі аяғын күзетке қойып ұйықтайды. Егер қауіп сезілсе, екі аяғы түртіп оятады. 
Пілдің ұйқысы. Піл де тұрып ұйықтай алады. Көбіне бір жағына қисайып жатып ұйықтайды. 
Кенгурудің ұйқысы. Кенгурудің ұйықтап жатқандағы қимылы адамның қимылына келетін сияқты. 

Қайырлы түн!

Оқи отырыңыз: 

Ұйқының маңызы

Мобильді құрылғылар ұйқы тәртібін бұзады

Аз ұйқы мен мәз күлкі

Сурет: cugnus.narod.rumasterok.livejournal.comtattoopinners.com

М. Оңғарова