Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Аз ұйқы мен мәз күлкі

Аз ұйқы мен мәз күлкі

Тұрлауы жоқ тірліктің қамыты мойнымда деп, аза бойыңыз қаза болып, бекерге уайымдай бермеңіз. Айтқымыз келіп отырғаны ол емес, құлаққа майдай жағатын жаңалық. Бүгінгі күнде аз ұйқы сіздің пайдаңызға...

Шын мәнінде ұйқы сіздің қиындықтарыңызды шешіп бере алады. Сенбей отырған боларсыз, америкалық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, осындай тұжырымға келіп отыр...

Ол да болмаса, зерттеуден бұрын өзіңіз кешіп жүрген хал-ахуалды бір сәт еске алыңыз. Әрине, таңның атысынан кештің батысына дейін жұмыс, одан қалса, отбасылық мәселелер, тағысын тағы толып жатқан келеңсіздіктер сізді шаршатпай қоймайды. Ең бастысы ол емес, ең бастысы - ұйқы. Күнінен қанша сағат ұйықтайсыз. Кейбір күндері тіпті ұйықтамай да жүре бересіз ғой. Ал сондай кездері қиындықтарыңыз өздігінен шешіліп жатқандай болып көрінбей ме? Ондай болса, аз ұйқының "құдіретін" бағамдап үлгермепсіз ғой?!

Америкалық зерттеушілердің ойынша, қысқа ұйқы фазасы адамның шығармашылық ойын өрбітіп, кез келген қиындыққа басқа қырынан қарауға итермелейді-міс. Олар 77-ге жуық адамды зерттеу нысанына алған. Және әрқайсысына жекелеп жұмыстарды табыстаған. Нәтижесінде аз уақытқа көз шырымын алған адамдар қиял мен армандар жетегінде кетіп, шығармашылық сұрақтардың жауабын төтесінен табатын болып шыққан. Бірақ, ұйқыға уақытылы көңіл бөліп жүретін адамдарды шығармашылық мәселелерді шеше алмайды деуге тағы ауыз бармайды. Міне, зерттеудің қызық жері де осы, мүмкіндіктерді саралап көру ғана. Ендеше, ғылым айтты екен деп ұйқыдан безудің қажеттілігі туа қоймас. Жай ғана аз ұйқымен күнделікті күйбеңге бас сұғып кеткенде қиындықтардың қандай жолмен шешіліп жатқанына баға берсеңіз болғаны. Мүмкін ғалымдардың сөзі расқа шығып, алғыс айтып та қаларсыз.

Бұны бәрі зерттеу барысында анықталған ғалымдардың кезекті жаңалық ашу жолындағы қадамдары ғана. Бәлкім, бір-екі жылда нақты тұжырымдар да дүниеге келіп қалар. Өмірінің жартысы ұйқымен өтетін адамға бұл да болса жақсы жаңалық.

Сурет:ejin.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

3115 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 маусым 2012, 17:33
Пікірлер
+0
18 маусым 2012, 15:36

Ғалыдамр деген сайын...бәсе, менде неге проблема жоқ десем..

+0
18 маусым 2012, 15:43

"шығармашылық сұрақтардың жауабын төтесінен табам ба " деп бүгін таңғы 6-да жаттым да, 10-да тұрдым))... Таптым, расында:)

+0
18 маусым 2012, 16:14

ер екенсің :)

+0
18 маусым 2012, 16:44

еркектің гүлі де... ;)

+0
18 маусым 2012, 15:44

дәлелденді ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...