Ұйқының маңызы

Ұйқының маңызы

Күш қалпына келуі үшін заманауи адамға күнделікті 8 сағаттық ұйқы қажет. Алайда, кейбір жағдайларда бұл да жеткіліксіз болуы мүмкін...

Заманауи адамның күн тәртібі көп жағдайда дұрыс болмайды. Сонымен қандай жағдайларда сіздің ағзаңызға тынығу үшін көбірек уақыт қажет?

Егер сіз диета ұстап жүрсеңіз

Диета ұстап жүрген арулар міндетті түрде ұйқыға көбірек уақыт бөлуі керек. Адамның ұйқысы қанбаған кездері грелин атты аштық гормоны көбейіп кетеді. Бұл жағдайда диетаны бұзбауыңыз екіталай болады.

Егер сіз спортпен шұғылдансаңыз

Спортпен шұғылдана бастасаңыз, ұйқыңыздың қануына ерекше көңіл бөліңіз. Ұйқының қанбауы 35%-ға төзімділігіңіз бен күшіңізді кемітіп, депрессияларға әкелуі мүмкін.

Егер сіз кездесуге барсаңыз

Келесі күні сүйіктіңізбен кездесу болса, ұйқыңызды қандырған жөн. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, ұйқысы қанған қыздар, 8 сағаттан кем ұйықтаған қыздарға қарағанда тартымдырақ көрінеді екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: f-journal.ru 

С. А