- Негізгі бет
- Езутартар
- Қай жануар қалай...
Қай жануар қалай ұйықтайды?

Аристотель өзінің трактатында: "Суда, құрлықта, аспанда өмір сүретін жануар болсын, түс көретіні анық", - деп жазған. Бұл ұйықтап жатқандағы жануарлардың қимыл-қозғалысынан байқалады. Мәселен, ит ұйықтап жатқанда, үреді. Демек "түс көріп жатыр" деуге негіз бар. Ал қай жануардың қалай ұйықтайтыны сізге қызық болар? Ендеше, ұйықтар алдында мына қызыққа көз жүгіртіп өтіңіз.
![]() | Аққудың ұйқысы. Аққу суда ұйықтай береді. |
![]() | Керіктің ұйқысы. Керік кейде көзін жұмып, тұрып та ұйықтайды екен. Ал осылай жиналуы үшін біраз уақыт қажет. |
![]() | Сегізаяқтың ұйқысы. Сегізаяқ екі аяғын күзетке қойып ұйықтайды. Егер қауіп сезілсе, екі аяғы түртіп оятады. |
![]() | Пілдің ұйқысы. Піл де тұрып ұйықтай алады. Көбіне бір жағына қисайып жатып ұйықтайды. |
![]() | Кенгурудің ұйқысы. Кенгурудің ұйықтап жатқандағы қимылы адамның қимылына келетін сияқты. |
Қайырлы түн!
Оқи отырыңыз:
Мобильді құрылғылар ұйқы тәртібін бұзады
Сурет: cugnus.narod.ru, masterok.livejournal.com, tattoopinners.com
Р. Роза