"Гарри Поттердің" анимациялық нұсқасы шықты

"Гарри Поттердің" анимациялық нұсқасы шықты
Фото: vk.com

Джоан Роулингтің "Гарри Поттер мен философиялық тас" атты бестселлерінің желісі бойынша Kindle in Motion анимациялық кітабы жарық көрді. Басылымға Джим Кей салған иллюстрациялар енді. Оның стилистикасы Гарри Поттер әлеміндегі магиялық газетке ұқсайды.

Жаңа анимациялық кітапты оқып отырған кезде ондағы суреттер қозғала бастайды. Мысалы, Хогватрс сиқыршылар мектебінің директоры Альбус Дамблдордың портреті, тұмсығымен хат таситын үкі және қайықта жүзіп жүрген Гарри мен Хагрид бейнеленген суреттерге жан бітетіндей. Бұл жаңалық поттериандарды қатты қуантары анық.

А. Оралқызы