Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / «Каспий – достық теңізі» республикалық мүшәйрасы өтеді

«Каспий – достық теңізі» республикалық мүшәйрасы өтеді

«Каспий – достық теңізі» республикалық мүшәйрасы  өтеді

Жалпы Ереже

Каспий айдынын тел емген, тағдыры ортақ бес мемлекет ежелден бауырлас. Ортақ теңіз, кейіптес климаттық ерекшеліктер мен ұлттық ұстындағы ұқсастықтар Қазақстан мен Ресей, Әзірбайжан мен Иран және Түрікменстанды дос қана емес туыс етіп жіберген.

Құшағын ашып келген қай досына да төрін ұсынған қонақжай қазақ араға жыл салып көріспей кеткен досын үйіне шақырар еді. Өткенгі қызықты, келешектегі ой-ниетті бірге пысықтап, татулық-достықтың белін бір қатайтып қояр еді.

Сол баба дәстүрдің ізі – «Каспий жағалауы елдері жастарының фестивалі» - теңіз жағалауы елдерінің тұтас қазақ жастарымен қарым-қатынасқа түсер бесігі – Маңғыстау облысы.

Жан-жақтан құйылар қонаққа арналған көп кәдесыйдың ішінде қазақы тілмен кестеленген поэзияның мөлдір тұмасы, жүректен шыққан жыр жауһарларының орыны ерекше. Фестиваль аясында 2017 жылдың 23-қыркүйегінде өтетін «Каспий – достық теңізі» республикалық мүшәйрасы* ( * - әрі қарай Мүшәйра) дәл осы бағыттағы жұмыстардың ең сүбелісі болмақ.

Мақсаты

– Орталықтан шалғай, Астанадан жырақ, Алтай мен Алатаудан айшылық алыста жатқан қасиетті Маңғыстауды жас ақындарға таныстыру, жастардың ойында, бойында «Маңғыстау да өз жерім, өз елім» деген мақтаныш сезімі жүрсін;

– Қазақстанның әр аймағынан келген ақындар мен Маңғыстау жас жазба ақындарының арасында шығармашылық байланыс орнату, тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

– Елдік, мемлекетшілдік, халық бірлігі мен татулық, тұрақтылық тақырыбында өлеңдер жазу, тыңдау жастардың отансүйгіштік сезімін ізгілендіре түспек;

– Өнер адамдарының қазіргі қоғамдық пікір мен ойдың қозғаушы күші. Облысқа келген ақындарға Елбасы тапсырмасымен аймақта атқарылып жатқан игілікті істерді таныстыру және ақындардың жыры арқылы тұтас елге насихаттау;

Шарттары

1. Мүшәйраға 18 – 35 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады.

2. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған үш өлең ұсынылуы тиіс. Бірінші тақырып: «Каспий – достық теңізі», екінші тақырып: «Маңғыстау ойың терең, тауың биік...», үшінші тақырып ақынның өз қалауы бойынша жаңа өлеңі. (Отан, ел бірлігі, татулық пен тұрақтылық, рухани жаңғыру тақырыбынағы өлеңдерге басымдық беріледі)

3. Мүшәйраның іріктеу кезеңінен өтіп, Ақтау қаласындағы қорытынды кешке шақырту алған Ақындар өз өлеңдерін жатқа білуі тиіс! (Бұл шарт Астана қаласында өткен Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» шығармашылық кешіндегі көріністерден соң қосылды) Егер, сахнада қағазға, кітапқа қарап оқу жағдайлары кезігер болса, қазылар алқасы басқаша шешім қабылдайтынын ескертеміз. Өлең жатқа оқылуы тиіс!

Қазылар алқасы

Байқауға республикаға танымал және аймақтың белгілі ақындары қазылық етеді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға және талқылауға жатпайды.

Жүлде қоры және марапаттау

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты мүшәйраның қорытынды кешінде, яғни 23-қыркүйек күні Ақтау қаласында өтеді.

Жүлдеге іліккен, яғни Ақтау қаласына шақырту алған ақындардың жолсапар шығыны мен жатын орыны ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бірінші орын – 500 000 (бес жүз мың теңге);

Екінші орын (екеу) – 150 000 (жүз елу мың теңге);

Үшінші орын (екеу) – 100 000 (жүз мың теңге);

Атаулы жүлде (екеу) – 75 000 (жетпіс бес мың теңге);

Ынталандыру жүлдесі (екеу) – 50 000 (елу мың теңге).

ЕСКЕРТУ: Қазылар алқасы мен ұйымдастырушылар кеңесе отырып бір жүлдені екі ақынға бөлуі немесе басқа да түзетулер енгізуге құқылы.

Өтініштер қабылдау

Мүшәйраға қатысуға өтініштер мен өлеңдер 2017 жылдың 20 – қыркүйегіне дейін қабылданады. Өтініш пакетінде ақын туралы мәлімет, туған күні мен жылы анық көрсетілген жеке куәлік көшірмесі,байланыс нөмірі, тақырыбы нақты көрсетілген өлеңдер болуы тиіс.

Байланыс үшін: whatts app + 7 775 362 69 56

Электронды пошта: mushayraga@mail.ru

230 1
Рейтинг: +1

Фото: silkadv.com
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 14:36
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...