Жапон халқының нақыл сөздері

Жапон халқының нақыл сөздері
Фото: emosurf.com

Жапондар мен қазақ халқының бала тәрбиесіндегі ұстанымдары бір-біріне сәйкес келеді. Жапон халқының нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

– Қолыңнан келгеннің бәрін жаса, қалғанын тағдырыңа қалдыр.
– Артық зат – артық уақыт шығыны.
– Жүректегі жеңілдік қадамыңды да жеңілдетеді.
– Қарапайым адамдарсыз ұлылар болмайды.
– Әйелі мен күйеуі қол мен көз болуы тиіс: қолың ауырған кезде, көзден жас тамады. Көзден аққан жасты қол арқылы сүртеді.
– Сұрау – бір минуттық ұят, білмеу – өмірлік ұят.
– Қиындыққа тап болсаң, өзіңе сен.
– Жапырақтың суға батып кететін, ал тастың су бетіне шығатын уақыты болады.
– 1 генералдан гөрі, 10 мың әскерді тапқан жеңіл.
– Ойланып шешім қабылда. Шешім қабылдап ешқашан ойланба.
– Жолда қасыңа серік керек. Өмірде дос керек.
– Ақымақтықтан асқан жауың жоқ.
– Қайғы жыртық көйлек секілді, үйде қалдыру керек.
– Жеті рет құла – сегіз рет қайта тұр.
– Төсекте жатып ешқашан сүрінбейсің.
– Адамға күмән келтірместен бұрын жеті рет ойлан.
– Күліп тұрған жерде бақыт та болады.
– Салқын шай мен тамаққа төтеп беруге болады. Бірақ суық сөз бен көзқарасқа шыдау мүмкін емес.
– Егер мәселені шешуге болса, оны уайымдап керек емес. Егер шешімсіз болса, оған бола бас қатыру пайдасыз.
– Жылдам – бұл баяу, бірақ, үзіліссіз.
– Өз жүрегіңнің ұстазы бол. Жүрегіңе сені басқаруға мүмкіндік берме.
– Кейде бір сәттің өзі алтынан да қымбат.
– Егер әйел қаласа тауды да жығады.
– Жақсы сатушы өз тауарларының барлығын жария етпейді.
– Ит босқа үрсе де, оның артынан бірге жамырай үретіндер табылады.

Т. Есқали