Бүгін – Лос-Анджелестің іргесі қаланған күн

Бүгін – Лос-Анджелестің іргесі қаланған күн
Фото: jazztour.ru

Осыдан 3 ғасыр бұрын киносүйер оқырман үшін ең ғажайып қалалардың бірі Лос-Анджелестің іргесі қаланған болатын.

Лос-Анджелес қаласының орнында 16-ғасырда үндістер мекендеген. 1781 жылы 4 қыркүйекте алғаш рет испан халқы шағын қалашықтың құрылысын бастайды. 1835 жылы Мексиканың қол астына өткен қала «Эль-Пуэбло-де-Лос-Анхелес» атауынан қысқарған «Лос-Анхелес» атауына көшеді.

Америка-Мексика соғысынан кейін 1848 жылы қала АҚШ құрамына өтеді.

Осыдан кейін ғана Лос-Анджелес (ағылшын тілінде) атауына өзгереді.

Ресми түрде қала болып 1850 жылы қабылданады. Ол уақытта қала тұрғындарының саны небәрі 1600 болатын.

Дәл қазіргі сәтте Лос-Анджелес Калифорния штатының ең ірі қаласы ретінде танымал. Ал тұрғындар саны жағынан АҚШ-та екінші орынға ие (15 миллионнан артық).

Лос-Анджелес қаласының ең құнды көрнекіліктері – америкалық киноматография орталығы Голливуд пен «Диснейленд» балалар бағы. 

Т. Есқали