Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанда жасалған / «Тұлпар» тальго әлде қарапайым пойыз?

«Тұлпар» тальго әлде қарапайым пойыз?

«Тұлпар» тальго әлде қарапайым пойыз?

Қазақстан Темір жолы тоғыз жолдың торабын құрайтын, алыс-жақын шет елдермен тікелей байланыс орнатып жатқан бірегей  қатынас жолы. Себебі орта Азияда орналасқан біздің ел арқылы түрлі жол бағыттары қалыптасқан. 

Егер алысқа сапар шексеңіз, мәселен Батыс Қазақстан облысына бару керек болса, сізге қандай пойыз таңдаған дұрыс, айырмашылықтары қандай – осы туралы ақпарат береміз. 

Қарапайым пойыз 

Вагондарының іші кең. Заттар оңай сияды. Емін-еркін қозғалуға мүмкіндік бар. Купе және палцкарт болып екіге бөлінеді. Плацкарт бағасы купеден әлдеқайда арзан. Онда жабық түрдегі кабиналар емес, жалпыға ортақ ашық төсек орындар болады. Ал купе бөлігі жабық, ішіне төрт немесе екі адам жатуға арналған орындарымен ерекшеленеді. Кейбір пойыздарда арнайы мейрамханалар кездеседі. 


Өкінішке орай бұл пойыздардың дені желдеткішпен жабдықталмағандықтан ыстық келеді. Қозғалу жылдамдығы ақырын. Батыс өлкеге екі тәуліктен артық жүруге тура келеді. Рельс бойындағы қозғалысы да адамның мазасын алып, есіңізді шығарады. Бағалары әр аймаққа байланысты түрлі болып келеді. 

«Тұлпар» тальго жүрдек пойызы 

2011 жылдан бері Қазақстанның Испания елімен біріге отырып шығарған жүрдек пойызы.

Плацкарт және купе болып бөлінеді. Бірақ плацкарттары да кабинкада орналасқан. Ал купелері тек екі-ақ адамға арналған. Әр кабинада төрт адам жатуға болатын төсек-орындар орналасқан. Ішінде салқындатқыш, Wi-Fi бар, 220 в қуат көзі де қамтамасыз етілген. Бір вагоны мейрамхана, бір вагоны бар ретінде құрастырылған. Орындықтары отыруға ыңғайлы әрі жинақы. Жүру жылдамдығы жоғары қарқынды ұстайтын, Батыс аймаққа бір жарым тәулік ішінде жетуге қауқары бар. Санаулы әрі ірі станцияларға ғана тоқтайтын пойыздың ерекшелігі де осында. Себебі әр үш немесе төрт сағат сайын ғана аялдайды.

Ерекше стандартпен жасалған «Тұлпар» тальго жүрдек пойызының іші тым тар. Әжетханасы, жуынатын бөлмелері де, кабиналар да тар келеді. Еркін қозғалу мүмкін емес. Себебі барынша жинақы құрастырылған. 

Бағалары әр аймаққа байланысты бөлінеді. Айта кету керек, қарапайым пойызға қарағанда екі есе қымбатқа түседі. 

Құрметті жолаушы, таңдау сізде! 

3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: rail-club.ru
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2017, 16:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.