Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді

Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді
Фото: deviantart.com

Ол "Дауылдан кейінгі" халықтың тұрмысы мен халін, заманның өзгерісін жазды. Ол  Ғабиден Мұстафин. Сіздердің назарларыңызға Ғабиден Мұстафиннің шығармаларынан алынған даналы ойларын жадымызда жаңғырып тұрсын деген ниетпен ұсынамыз. 

» Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

» Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана сияқты, ие береді, ие береді.

» Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.

» Әдебиет – адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.

» Әдебиетке ғылым, білім, тәжірибеден бұрын талант керек.

» Жақсы әдебиет – түзу айна, жаман әдебиет  қисық айна.

» Бабын таппаған атақ даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты.

» Дүниеде көбірек тұрғың келсе, өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе, былапытта.

» Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы.

» Жақсы актер жаман сөзге жан бітіреді, жаман актер жақсы сөздің жанын алады.

» Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу – ой мешеулігі.

» Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.

» Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, жылы көңілді суытады.

» Сөз – ойдың анасы.

» Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.

» Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді.

Г. Берік