29 қараша - Ғабиден Мұстафиннің туған күні

29 қараша - Ғабиден Мұстафиннің туған күні

Бүгін, яғни 29 қараша қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің өмірге келген күні. 1902 жылдың дәл осы күнінде Қарағанды облысы Тельман ауданы Сарытөбе ауылында кейін халқының заңғар жазушысы болар сәби дүние есігін ашты. Шаруа отбасында өскен болашақ қаламгер ауыл молдасынан арабша сауат ашты. 14 жасында Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4 сыныбына түседі. 

Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді, мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

Саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің өркендеуіне, қазақ прозасының кең тыныстауына арнаған ұлы тұлға артына көп еңбек қалдырды. Елеусіз қалған бірі де жоқ. Сол кездегі тұрмыс халін арқау ете отырып роман саласында тақырып байытты. Замандастарынан көші ілгері жүрген қаламгер проза саласына қаламының сиясын аяған жоқ. Содан болар, оның шығармалары оқырман қолынан түспеді. Қазақтың біртуар жазушысы өз еңбектерімен соңына өлшеусіз із қалдырып үлгерді. 

Екі Ғабең...

Ғұлама жазушының Қазақ кеңес әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ол "Ленин" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" және екінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталған. 

2002 жылы Ғ.Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай Қарағанды облысында үлкен той болды. Бұл мерейтой жазушының ұрпақтары емес, халқына, еліне де үлкен қуанышпен атап өтетін оқиға деуге болады. 

Қарағандыдағы классиктің тас мүсіні

Заманының заңғар қаламгері қазақ әдебиетіне айтарлықтай үлес қосты. Ел есінде сақталған ұлы жазушының 110 жылдығын елеусіз өткізсек - бізге сын. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: fotki.yandex.ru, i-news.kz, mpda.ru

А. Әбілхан