Жаман әдет көрсетпе

Жаман әдет көрсетпе
Фото: amur.kz

Ол лирика мен шындыққа толы классикалық туындылар қалдырды. Романтиканың шыңын танытты. Өз заманындағы кейіпкерлерді таныта білді. Ол – Cәбит Мұқанов. Оған қоса, ол әр шығармасында дәнді ой жазып отырды. Сол түйдекті ойлардың бір сыпырасын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ақын халықтың ең сүйкімді, ардақты адамдарының қатарында тұрады. 


Әркімнің туған тілі – туған шеше, 
Оған бола міндетті сан мың есе. 

Еңбекті дұшпан санаған адамда өмірі мейірім жоқ. 

Жақсылық жолда келе жатып, жаман әдет көрсетпе. 

Сөз – халықтың қымбаттан қымбаттан кені. 

Таң, көктем, жастық – 
Бұлар ағайынды. 
Бұлар бас қосқан көрік тағайынды.

Г. Берік