«Поэтикалық дуэль» 7-шығарылым (Видео)

«Поэтикалық дуэль» 7-шығарылым (Видео)

Жуырда ғылымның Хан-Тәңірі атанған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған біршама жас ақындар қатысты.

Бұл шығарылымда Бауыржан Мырзақұл мен Темірлан Жорабайдың дүйім жұрттың таңдайын қақтырған жыр додасын ұсынамыз.

Бауыржан Мырзақұл – 1992 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, Жылысу ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің түлегі. Нұр-Мүбәрәк Ислам мәдениеті университеті, Дінтану мамандығының магистрі. «Жұлдыз жырлар жарығы» жыр жинағының авторы. Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. 

Темірлан Жорабай - 1994 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратау ауылында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел университеті, "Филология және педагогика" ғылымдары факультетінің 4-курс студенті. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.

Келесі һәм қорытынды шығарылымнан Тұрсынбек Башарұлы мен Сәуле Нысанбектің  дуэлін көре аласыздар.

Оқи отырыңыздар:

1. «Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлі)

2. «Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Әріби ­­­­­­­­­­‑ Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзаттың дуэлі)

3. «Поэтикалық дуэль» 3-шығарылым (Бекзат Смадияр мен Мөлдір Айтбайдың дуэлі)

4. «Поэтикалық дуэль» 4-шығарылым (Ретбек Мағаз бен Шерхан Талаптың дуэлі)

5. «Поэтикалық дуэль» 5-шығарылым (Нұртас Тұрғанбек пен Нысанбек Сәуленің дуэлі)

6. «Поэтикалық дуэль» 6-шығарылым (Айбол Исламғалиев пен Еламан Хасенұлының дуэлі)

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы