«Поэтикалық дуэль». 3-шығарылым (Видео)

 «Поэтикалық дуэль». 3-шығарылым (Видео)

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған біршама жас ақындар қатысты.

Бұл шығарылымда Бекзат Смадияр мен Мөлдір Айтбайдың астарлы әзіл мен сырлы сезімге толы жыр додасын көре аласыздар.

Бекзат Смадияр - 1992 жылы 26 қараша күні Мырзашөлде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің түлегі. Көптеген республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Халықаралық ХХVII «Шабыт» фестивалінің Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері.

Мөлдір Айтбай - 1991 жылы 26 қараша күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. Республикалық жыр мүшәйраларының және айтыстарының жеңімпазы.

Келесі шығарылымнан Ратбек Мағаз бен Шерхан Талаптың  дуэлін көре аласыздар.

Оқи отырыңыздар:

1. «Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлі)

2. «Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Әріби ­­­­­­­­­­Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзаттың дуэлі)

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы