«Поэтикалық дуэль» 5-шығарылым (Видео)

«Поэтикалық дуэль» 5-шығарылым  (Видео)

Жуырда ғылымның Хан-Тәңірі атанған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған біршама жас ақындар қатысты.

Поэтикалық дуэлімізді Нұртас Тұрғанбек пен Нысанбек Сәуленің жыр додасымен жалғастырамыз. Кезектері келгенде, тартынып қалмай, мөлдір жырларды молынан төккен жұп ақынның дуэліне назар аударыңыздар.

Нұртас Тұрғанбек  - 1993 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті. Республикалық Мұқағали жыр мүшәйрасының бас жүлде иегері. Халықаралық және республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы.

Нысанбек Сәуле  -  1995 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Қаратау ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенті. Түркістан қаласында өткен Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшәйрасында облыс әкімінің арнайы жүлдесінің иегері. Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы.

Келесі шығарылымнан әдебиет сүйер қауымды, әдемі өлеңдерімен әлдилеген Айбол Исламғалиев пен Еламан Хасенұлының дуэлін көре аласыздар.

Оқи отырыңыздар:

1. «Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлі)

2. «Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Әріби ­­­­­­­­­­‑ Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзаттың дуэлі)

3. «Поэтикалық дуэль» 3-шығарылым (Бекзат Смадияр мен Мөлдір Айтбайдың дуэлі)

4. «Поэтикалық дуэль» 4-шығарылым (Ретбек Мағаз бен Шерхан Талаптың дуэлі)

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы