Кітапты не үшін оқимыз?

Кітапты не үшін оқимыз?

Әрбір саналы адам аптасына не айына 1-2 рет қолына кітап алады. Кітап – ең құнды қазына. Кітап оқыған адам мен оқымаған адамды салыстырудың өзі артық. Оқымастан бұрын "мен бұл кітапты не үшін оқимын?" деген сұраққа жауап беріп алыңыз. Расында не үшін оқимыз? Біз бүгін осы жөнінде айтпақпыз. 

Қандай жағдайда да өзіңізге дұрыс сұрақ қоя біліңіз: Шынымен не үшін керек? Неден бастағаным дұрыс? Оқығанымды қалай қолданам? және т.с.с. Негізінде адам кітапты 3 нәрсе үшін оқиды. Олар: 1) мотивация алу үшін; 2) сұраққа жауап табу үшін; 3) ой түю үшін

1. Мотивация алу үшін

Мотивация сөзі бәрімізге жақсы таныс. Адамға ынта-жігер, ықылас, құлшыныс сыйлайтын нәрсе – мотивация. Жаны жабырқап, көңілі құлазып жүрген досыңызға жақсы сөз айтып, жігерін жанысаңыз, ол одан қуат алады, ертеңге деген сенімі оянады. Барлық адам шаршайды, жалығады. Қалжырап, босап кетпес үшін үнемі мотивациялық материалдарды пайдаланған жөн. Әрине, ең бірінші кітап оқу керек.

2. Сұраққа жауап табу үшін

Мәселен, сіз бір іс бастадыңыз делік. Бастаған ісіңізді жүргізу үшін сол саланы жақсылап зерттейсіз, білікті мамандармен сөйлесесіз. Сонымен қатар, сол салаға байланысты іскерлік әдебиет кітаптарын міндетті түрде оқу керек. "Ондағы негізгі ережелер қандай, ұтылмас үшін не істеу керек, қандай әдістерді басшылыққа аламын" деген секілді сансыз сұрақтарға жауап табу үшін, әрине, кітап оқу керек

3. Ой түю үшін

Әрбір адамның өзіндік қызығушылықтары болады. Мәселен, біреулер жануарлар әлеміне, біреулер саясатқа, енді біреулері әдебиетке қызығады. Мүмкіндігінше өзі қызыққан сала бойынша ізденеді. Тіпті белгілі бір түсінік қалыптастыру үшін бірнеше жыл уақыт кетеді. Оқу арқылы бұрынғы білгенің түкке жарамай, білген үстіне білуге ынтаң артады. Яғни, түсінік қалыптастыру һәм ой түю үшін кітап оқу керек

Есіңізде болсын! Кітап жетістік емес. Ол жетістікке апаратын құрал ғана...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Жер сілкісін сезетін тіршілік иелері
Жер сілкісін сезетін тіршілік иелері
Барбадос қашықтан жұмыс істейтіндерге 1 жылдық виза береді
Барбадос қашықтан жұмыс істейтіндерге 1 жылдық виза береді
Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны