Ең көп кітап ұрлаған баукеспе

Ең көп кітап ұрлаған баукеспе
Фото: widefon.com

Стивен Блумберг – әлем тарихындағы ең көп кітап ұрлаған баукеспе. Ол АҚШ пен Канада елдеріндегі ірі университеттердің 268 кітапханасынан 20 жыл ішінде 20 000 сирек кездесетін кітаптар мен 11 000 көне қолжазбаны жымқырған. Тоналған кітаптардың жалпы сомасы 20 миллион долларға шаққан деседі.

Стивен "кітапқа желікпе құштарлық құмарынан туған психикалық аурумен" ауыратындығын әлем дәрігерлері кейін дәлелдегенімен, ол ұрлаған кітаптарының ешбіріне де залал-зақым келтірмей, бірін де сатпай, жеке үй кітапханасын толықтырумен болған. 1990 жылы Стивен Блумбергтің үстінен жүріп, оның "алаяқтығы" дәлелденген сотта Стивен өзінің ұрлаған кітаптарының барлығын оқығанын, егер кімде-кім қаласа, мазмұнын айтып беретіндігін ескерткен. Соттан соң Блумберг 4 жыл абақтыға отырғызылып, "Блумберг коллекциясы" "The Book Return" базасына қайта әкелінеді.

Бір қызығы ол 4 жыл абақтыдан шыққан соң да кітаптар мен қолжазбаларды ұрлауын жалғастыра береді. Бірнеше рет қайта сотқа да тартылады. Ұрланған кітаптарының ішінде әлемде өте сирек кездесетін "Нюнберг шежіресі" мен 16 ғасырда жазылған көне Інжіл табылғандығын да айту керек.

Аударған: Еділбек Дүйсенов

Ж. Жұмағұлов