Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кітап ұрлау – қылмыс па?

Кітап ұрлау – қылмыс па?

Кітап ұрлау – қылмыс па?

Қаламгерлер демесек те, болашағын қаламмен бірге елестететін талаптылар кітап оқығанды жақсы көреді. Кейде сатып алады, кейде сұрап алады, айырбастайды... ал кейде ұрлайды. Қайткенде де, ұрлық – қылмыс емес пе?.. Білімге деген мұндай «құштарлығын» танытқан адамға кейде кешіріммен қарайтынымыз бар. Құрдастардың әншейінгі әзілдерінен басқа да қазақ халқында жиендік жасау бар. Тіпті оны қойыңыз, барымташылықты батырлыққа телитін ұлт кітап ұрлауды кешірмей ме...

Дерек:

Стивен Блумберг деген азамат 268 кітапхананың 20 000 сирек кітабын ұрлап, мұнымен қоймай 11 000 көне заманғы қолжазба саналатын манускриптті қолды еткен. Бұл оның 20 жылдық «еңбегінің жемісі». АҚШ пен Канада университеттерінің үлкен кітапханаларынан ұрланған кітаптың жалпы сомасы 20 миллион долларға жеткен.

Шизофрениямен ауыратын Стивен ұрланған кітаптың бір де біреуін сатып немесе бүлдіріп тастаған емес. 1995 жылы «Блумбергтың атақты коллекциясындағы» кітаптар The Book Return базасына сақтауға берілген. Тіпті бұл қылмыскер туралы деректі фильм де түсіріліпті.

Дүдәмал күйде қалмас үшін сауалнама жүргізуді ойладық. Сөйтсек, ақтап алушылар да, даттап қалушылар да табылды.

Қасым Амажолұлы, тәуелсіз журналист:

- Ұрлықтың аты ұрлық қой, әрине... Бірақ, 90 жылдардың ортасында қыстың күні ауылға бардым. Студентпін. Ауылдың клубының екінші қабатында орналасқан кітапхана терезелері сынып, қаңырап бос қалыпты да, кітап сөрелерін біреулер сүйреп әкетіпті. Енді кітаптарды жұрт отқа жағуға тасып жатыр екен. Соны естіп, түнделетіп кітапханаға барып сыныптас досым екеуміз керосин шам жағып қойып түнімен кітап сорттадық. Оқуға тұрарлық бірнеше жүз кітапты үйге тасыдық... Сол жолғы, мен сияқты "ұрлықшының" қылмысынан гөрі ауылды сонша жүдеткен адамдардың қылмысы ауыр сияқты.

Қанат Әбілқайыр, жас жазушы:

Кітап ұрлау қылмыс емес. Өйткені, сіз бір шығарманы аттай қаласаңыз, оның оңайлықпен қолға түспесі анық. Иесінен сұрап ала алмайтыныңыз белгілі болса, неге ұрлап алмасқа? Ол кітапты оқып болған соң, қайтарасыз! Мұны "ұрлық" деп емес, "рұқсатсыз алу", болмаса, "көрсетпей "сұрап алу" деп атағанымыз жөн. Жалпы, өз басым бір ағамызға (атын атамай-ақ қояйын) еліктеп, қолтаңба жазылған кітаптарды "көрсетпей сұрап аламын!" Болашақта, сол қолтаңбаларды кәдеге жаратқым келеді. Яғни, қайтармаймын деген сөз. "Бөрі азығы жолда" деген мәтелдің мағынасын сәл өзгертіп көрейікші. "Білім бөрісінің" азығы жолда"! Яғни, жолда жатқан, көз алдыңда самсап тұрған кітапты қалай алмайсың. Ол да бір дәмі тіл үйірер тамақ сықылды дүние ғой. Ауыз тимей тұра алмайсыз. Кітап ұрлығын "ұрлық" деп санайтын адамдар, "өз-өзіне бекем болып, көршісін ұры тұтпасын." Сандықтың түбінде жатқан кітапты ешкім де қымқырмайды. Сондықтан да, "білім бөрілері" келе жатқан кезде, етек-жеңіңізді жинап, "көрсетпей сұрап алғыштарға" мүмкіндік бермеу жағын қарастырыңыз.


Болатбек Мұхтаров, «Алаш айнасы» газеті Ақпарат бөлімінің редакторы:

- Бала кезімде кітап ұрлағаным туралы massaget.kz сайтындағы блогтарымда айтқан болатынмын. Онда да кітапханашы апай жұмысқа салған кезде "осы мен есігі ашық жататын кітапханадан кітап ұрласам мұнымды апай біле ме, білмей ме" деген құмарлықтан ғана бір химия оқулығын алып кеткенмін. Бірақ біреулердің үйінде небір керемет әдебиет үлгілерін көргенде ұрлау туралы ойламаппын. Бәрібір ұрлықтың аты жаман деп есептеймін. Көкбазар жақта бір апайдың үйінде бөлмесін жалдап тұрған кезде кітаптарына тіпті тіиспейтін де едім. Өйткені ол кісі кітаптарды құрметтеп ұстайтын. Әрі ол оның жеке мүлкі. Ал екі жыл бұрын бір пәтерде Айтматовтың кітабын керек емес заттардың арасына тастапты, оны енді алдым. Негізі, өзің сатып алған немесе саған сыйға тартқан кітапқа не жетсін?!

 

Мұратбек Ержақыпов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жастар ісі жөніндегі бөлімнің жетекшісі:

Кітапханадан кітап  ұрлау ұят әрі қылмыс. Ал таныс әрі жақын адамдардан ұрлауға болады. Менің ойымша кітапсүйер адамдар өздеріндегі құнды кітаптарды жұрт көретін сөреге қоймайды. Ал одан сұрап алу немесе пайдалану үшін біраз тер төгуге тура келеді. Жалпы жақын, туысқан ағайындардан білдіртпей алып кетуге болады. Дегенмен «Ұрлық түбі – қорлық» дейді ғой. Сұрап алып оқыған абзал. Бала кезден жақсы кітапты көрсем, қымбаттығына қарамай сатып алуға тырысамын, қалтамдағы ақшамның көлеміне қарай. Ең бастысы – кітаптың шаң басып сөреде тұрғанынан, жырым-жырым болып жыртылғанша жұрт қолында жүргені бақыт.

Ал сіз, кітап ұрлап көрдіңіз бе?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

1102 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 29 қазан 2012, 13:36
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 13:50

қылмыстың аты қылмыс, үлкен ұрлық мүмкін сондай кішкентай ұрлықтардан басталар... Кітап ұрлап көрмеппін, сұрап алуға тырысамын

+0
29 қазан 2012, 13:50

Дұрыс, Ұрлықтың аты ұрлық қой. Кітап ұрлау да қылмыс. Кейде кітап ұрлау қылмыс емес деп ақтап алатындар болады. Кітап ұрлау - білім ұрлау деген сөз емес қой. Ол иесіне өте маңызды кітап болса ше? Тура сол күні ол сіз ұрлап әкеткен кітап туралы бірдеңе жазбақшы болып отырса ше?
Бірақ, шыны керек, мен де кітап "ұрлаймын". Оны ұрлаудың да әдіс-тәсілі болады. Бір ағамнан үйренген айламды сіздермен бөлісейін. Жақын таныстардың, не ағалардың үйіне барам да, кітаптарын көре бастаймын. Өзім ұнатқан кітапқа "Бауырым Ақ-бөріге, ағалық ізгі тілекпен ХХХ. ХХХ." деп өзінің атын жазып жіберем. Сосын өзіне көрсетіп, рахметіңді айтасың да әкете бересің. Ойлап тапқан қулығыңа амалы таусылып ол қалады, мақсатыңа жетіп, мәз болып сен кетесің. ;)

+0
29 қазан 2012, 22:37

Кітап "ұрлаудың" әдемі әдісін әшкерелеп қойдыңыз. Бұдан кейін "ХХХ. ХХХ. бауырыма інілік ізгі ниетпен Ақ Бөріден" деген жазуды көріп, кітап сыйлауға мәжбүр болып жатсаңыз таң қалмаңыз...

+0
29 қазан 2012, 13:52

Кітап ұрлауды жақсы көретіндердің бірі мен. Қайсар, сенің әдісің керемет екен. 90 пайыз нәтиже беретін шығар...

+0
29 қазан 2012, 14:22

Кітап ұрлап көрмедім )) Сұрап та алмаймын, мүмкіндік болса, ұнаған кітаптарды кітап дүкендерінен іздеймін.

+0
29 қазан 2012, 14:31

Бір рет ұрлап көргенмін. Кішкентай кезімде Құрық кентінде тұратын апамның үйіне қыдырып барғанмын. Ол кезде кішкентаймын,4-5 сынып оқып жүрген кезім. Жаз мезгілі болғасын,барлық балалар дың ермегі ойын,теңіз! Бірде,қасымдағы жаңа достарым қирап жатқан мектепке "экскурсияға " шақырды. Қарауылы бар екен,мектепке сонда да тығылып кірдік.(қиранды мектептің астында қалып қоймас үшін,қауіпті жер болғасын күзететінін қайдан білейік ). Ішін армансыз араладық. Спорт залында ойнапта үлгердік. Сосын арамыздағы бір бала."сендерге қызық көрсетемін,жүріңдер" деп,бізді бір кабинетке алып келді. Қарасақ кітаптар жатыр шашылып. Әрқайсысымыз әр кітапқа жабыса кеттік. Қолымызға түскенін алдық та,мектептен қаштық. Қарауыл артымыздан айқайлап қала берді.

+0
29 қазан 2012, 15:26

Кітап түгілі үйде аш жатқан баласына рұқсатсыз әкелген бір үзім нан ұрлық есептеледі екен. Ұрлап та, сұрап та ала бергім келмейді, лажы болса авторларын жазып алып, өзім іздеп көрем. Кішкентайымда әпкем өзі оқыған кітаптарын үйіп-төгіп беріп жіберген Қызылордадан, олардың көбісінен өмірлік азық алдым, тағы бір әпкемнен жылап жүріп бір кітабын сұрап ап ем, ол да әзер беріп еді, қайтарып берсем деп сақтап жүрм, бірақ 10 жылдан бері талай көрістік қой, ылғи ұмытып кете берем, қаз біреулер менен кітап сұраса ішім қылп етеді, бергім келмейді, "не сұрасаңдар да аямаймын, тек кітаптарым, журналдарым және домбырамды сұрамаңдаршы" деп жалынамын, сол себепті өзім де сұрамауға тырысам...

+0
29 қазан 2012, 15:57

ҚР қылмыстық Заңнамаларына сәйкес бұл әрекет қылмыс деп танылады және ҚіжК-нің 179-бабында қарастырылғандай ретпен мойындалатын болса Сот тарапынан кешірім беру мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін))

+0
29 қазан 2012, 16:05

көрдіңіз бе, кешірім заңда да қарастырылған! :lol:

+0
29 қазан 2012, 17:36

Кітап ұрламаған дұрыс. Әркім өзіне сатып алсын. Қазір кітап та тегін дүние емес.

+0
29 қазан 2012, 18:53

Қай бір жылы екен есімде қалмапты біздің ауылдың мектебі жарамыз болып қалып, соның ішіне ескі кітаптарды уақытша салып қойған еді. Мен және тағы бірнеше қатарларым бәріміз барып ескі мектептің терезесін сындырып кітап ұрлағанбыз. Сол бүгін есіме түсіп кетті ғой бүгін.

+0
29 қазан 2012, 19:02

Қай бір жылы екен есімде қалмапты біздің ауылдың мектебі жарамсыз болып қалып, соның ішіне ескі кітаптарды уақытша салып қойған еді. Мен және тағы бірнеше қатарларым бәріміз барып ескі мектептің терезесін сындырып кітап ұрлағанбыз. Сол бүгін есіме түсіп кетті ғой бүгін.

+0
29 қазан 2012, 21:33

Біздің үйден талай адам кітаптарды жымқырған. Ұялмай тағы айтқандары да бар. Өз басым, 5-сыныпта оқып жүргенде кітапханадан бір кітап ұрлап кеткенмін. Үйде тұр қазір)))

+0
29 қазан 2012, 22:24

Ардақ, қызық материал дайындапсың, рахмет:) Әкем мен журналист ағам айтатын: кітап ұрлау - ұрлыққа жатпайды деп. Соған сендім, бір жағынан өзімнің бейімім де болған тәрізді:) Ұрлап көргенмін, мектепте оқып жүргенде. Біраз кітаптар. Бір күні кітапханашы апай ұстап алып, жамаааан ұятқа қалғаным бар еді :lol: :lol: Бірақ қазір жиі болмаса да, аз-аздаған жымысқылығым бар кітапқа келгенде.

+0
30 қазан 2012, 09:46

уақасы жоқ, Ай шешек! Қайткенде де кітап ұрлауды сен жете түсініпсің.

+0
12 наурыз 2013, 01:32

еее, ұрлайтын кездер мен ұрлайтын адамың болады )))))))))))).... мен ешкімге кітабымды бермеймін, береді екенмін ызыңдап жүріп қайтып алам. Маған кітапты Зейнеп апам көөөөп берді, Атаның 30 томдығынан бастап, біраааааз кітапты апам сыйлады. Біраз кітабым қолтаңбамен бар, сондықтан, Ардақ, ұрлай алмайсың )))))))))

+0
19 тамыз 2013, 15:04

Мен ұрлағам :roll: ... Мектепте жүргенде түрік тілі курсына қатысқанмын, апай мектепке келіп үйрететін, содан шығып кітапханаға кірсем "түрік тілін үйренемін" деген түрікше кітап келіпті, мәз болып келіп, апайға жазып қойыңызшы десем, бермеймін дид, әрі жалынып, бері жалынып сұрадым,болмады, сосын байқатпай әкетіп қалдым :( есіме түссе ұяламын)))

+0
14 қараша 2013, 15:33

ұрлап көрмедім, кітап болса да ол ұрлық, құптамаймын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...