Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Соңғы кездері әлем халықтарында, сонымен қатар, өзіміздің елде де онлайн кітапханалар өте танымал бола бастады. Бұл дегеніміз технология дамыған сайын қарапайым кітап оқудың орнын онлайн кітап басады деген сөз. Енді кітап оқуға ынталы әрбір адам дүкенге немесе кітапханаға емес, жеке компьютерінің алдына келіп сүйікті сайтын ашып, қалаған кітабын оқитын болады.

Оқудың мұндай түрінің көпшіліктің арасында сұранысқа ие болуын түсіндіру оңай. Мысалы, демалысқа шыққан адам өзімен бірге сөмке толы кітап алудың қажеті шамалы. Тек сапарға шығарда өзінің ноутбугін алса, жеткілікті. Алайда, танымалдылықпен қатар оқудың мұндай түрі көзге зиян тигізеді деген дабыл да ұлғая түсті. Сондықтан біз мәселенің басын ашуға кірістік. Шынымен де, әлденеден қауіптену керек пе? Егер қауіптену керек болса, онда неден?

Жалпы компьютер алдында ұзақ уақыт отырудың өзіндік зардаптары бар:

1. Оқу барысында тез шаршау мен жалығу;

2. Көздің жасаурауы;

3. Көз қызаруы.

Бірақ қорқатын ештеңе жоқ! Бұл зардаптардан оңай құтылуға болады. Қалай құтылу керек екенін білсе болды.

Онлайн оқу кезінде өзіңізге ыңғайлы шрифтке үлкейтіп оқуға тырысыңыз;

1. Көз жасын алмастыратын көзге арналған тамшы сатып алыңыз. Ол кез келген дәріханада сатылады;

2. Әр жарты сағат сайын көзіңіз демалсын;

3. Арнаулы көзілдірік сатып алыңыз. Мұндай көзілдіріктер компьютермен жұмыс істеген кезде көздің талуын азайтады;

4. Жиі көзді ашып-жұмып тұруды ұмытпаңыз және экранға қатты үңілмеңіз. Бұл көздің құрғауына жол бермейді.

Егер ноутбугіңіз болса, оны құшақтап алып диванда немесе төсекте жатудың керегі жоқ. Жатып оқу ешқандай пайда әкелмейді. Шаршағандықтың немесе жалығудың симптомдарын сезсеңіз үзіліс жасап, біраз тынығып алыңыз. Уайымдамаңыз, қызық кітап ешқайда қашып кетпейді, бастысы өз денсаулығыңызды күтіңіз.

Егер сіз жоғарыда берілген кеңестерді ұстанып, тәжірибеде қолданатын болсаңыз, онда онлайн оқу кезінде ешқандай проблема туындамайтын болады. Есіңізде болсын, жайбарақат кітап оқу үшін және жайсыз жағдайлардан аулақ болу үшін мониторды дұрыс орналастыру қажет:

Монитор ортасы көздеріңізден 20 сантиметрге төмен болуы керек. Және де экран сізден 50 сантиметр қашық болғаны дұрыс. Профилактика үшін 5 минуттық үзілістер жасап тұрыңыз. 

Ғалымдар, мамандар техникалық ілгерілеуден құтыла алмайтындарын түсінді. Олардың өздері заманауи техникалар мен компьютерлерден аттап өте алмайды. 

Жалпы кітап оқу адамның қиялын, ой-өрісін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Оқитын адам әрбір кітапты, романды, хикаятты, әңгімені өзінің ішкі жан дүниесінен, ой-елегінен өткізеді. Ол өз өмірінде болуы мүмкін емес оқиғаларды бастан кешеді. Кітаптағы кейіпкерлермен бірге ұзақ жиһанкездікке, саяхатқа аттанудың дәмін татпағандарға  жаның ашиды. Сондықтан, оларға берер бір-ақ ақылымыз бар – оқыңыздар, қиялдаңыздар, ойланыңыздар!

Форумда талқылау

Сурет masterfile.com сайтынан алынған

34162 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 12 наурыз 2012, 17:00
Пікірлер
+0
12 наурыз 2012, 18:18

мониторға ұзақ үңілу көздің көру қабілетін нашарлатпай ма, сонда?

+0
12 наурыз 2012, 18:28

иа, сондай болып тұр ғой...

+0
22 желтоқсан 2014, 20:07

Иа.асыресе коздын агы саргая бастаса козынын коруы нашарлаганы

+0
12 наурыз 2012, 18:36

Amazon kindle дегенді кім біледі? Соны пайдаланып оқу керек. Тым қымбат емес, Алматыда 23000 табуға болады деп естідім

+0
12 наурыз 2012, 19:38

соткаға программа жазып алып қалаған кітаптарыңды соның ішіне жүктеп оқи берсе де болады

+0
12 наурыз 2012, 19:42

Айпад сияқты бірдеңең болса оқи беруге болатын сияқты. )

+0
12 наурыз 2012, 20:21

Онлайн кітап емес, электронды кітап деген дұрыс шығар !

+0
12 наурыз 2012, 20:23

онлайнда кітап оқу деген сөз шығар, типі интернеттен ))

+0
12 наурыз 2012, 21:22

бәрібір кітапты қолыңа ұстап оқудың рахатына жетпей тұр ғой Интернетің )

+0
12 наурыз 2012, 22:26

Қазіргі заманға өте-мөте қажет қой.

+0
13 наурыз 2012, 09:18

кімге қалай? жалпы ыңғайлы сияқты...Қалтафонды ашып кез-келген жерде оқып кете бересің, ал кітап қалтаңа симаса керек...

+0
13 наурыз 2012, 14:57

Кітапты қолыңа алып, оның әр бетін парақтай, тіпті кітаптың өзіне тән иісін сезіне отырып оқығанға не жетсін!!

+0
20 наурыз 2012, 16:10

қалтафон деген бәле сөзді естісем жыным қозады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...