Жұбыңызды жоғалтқыңыз келмесе

Жұбыңызды жоғалтқыңыз келмесе
Фото: amur.kz

Қыз бен жігіт кездесе бастағаннан кейін, екеуінің де өмірі едәуір өзгереді. Жақсы жаққа өзгерсе, бұл  сезім тереңдігінің белгісі. Алайда кей жұптың арасында өзара түсініспеушілік, бір-біріне деген сенімсіздік орын алып жатады. Сол себепті бүгін назарларыңызға енді кездесе бастаған жұп ескеруге тиісті қағидаларды ұсынамыз. 

1. Махаббат ақшаға сатылмайды. Сатып алғанның өзінде шынайы сезімге ақшамен жету мүмкін емес.

2. Қызғаныштан абай болыңыз. Сүйіктіңізді қызғандырамын деп отпен ойнамаңыз, адамдар онсыз да қызғануға әуес.

3. Сезім шынайы кезде ғашық жандар бір-біріне тең дәрежеде тәуелді болады.

4. Шын сүйетін адам жұбынан сезімін дәлелдеуді талап етпейді.

5. Сүйгендер бірін-бірі өзгертуге тырысады.

6. Қыздар өзінің жары ретінде қайғыға ұрынған есуасты емес, батыл ханзаданы көргісі келеді. Жігіттер де кез келген сәтте қызбалана кететін ұрысқақ қыздардан алыс болуға тырысады. Жұбынан күтпеген жағымсыз әрекеттер адамның жүйкесін тоздырса, күнделікті қайталанатын істері шаршатып, жалықтырады. Өзгеріп отырыңыз.

7. Бір сәтте лаулап жанған махаббат сезімі тез сөнері анық. Бақыт баянды болуы үшін сезімге ақылмен қарау керек.

8. Егер ғашығыңыз сізді ренжітіп, ол үшін сіздің тарапыңыздан наз болмаса, бұл қылығы қайталанатыны айдан анық.

9. Кеудеңізде күмән ұялауына жол бермеңіз.

10. Ең бастысы өзара түсіністік орын алу үшін өмірлік құндылықтарыңыз сәйкес келгені жөн.

Ж. Исакаев