Жарасымды жұп қандай болады?

Жарасымды жұп қандай болады?

Психолог ғалымдар жігіт пен қыздардың қарым-қатынасын зерттеуден шаршаған емес. Олар мінсіз жұп сырын іздеуде мынандай қорытындылар жасады.

Психологтардың айтуынша, адамның отбасындағы нешінші бала екендігі оның болашақта бақытты отбасы құруына әсер етеді екен.

Егер сіз отбасыңыздың алғашқысы, ал жарыңыз үйдің кенжесі болса (немесе керісінше), екеуіңіз мінсіз жар атағына дәл келесіз. Үйдің тұңғыштары бауырларын бағып өседі, ал кенже балалар ылғи да үлкендерден көмекті күтеді. Нәтижесінде осындай жұп бірін-бірі жақсы түсініп, өздерін ыңғайлы сезінеді.

Ал бір отау астында үй құруда ең көп қиыншылықтарға кезігетіндер - екеуі де отбасында жалғыз балалар болғандар. Екеуі де бар көңіл мен махаббатты бермей, қабылдауға ғана дағдыланған. Сондықтан бұндай кісілер жар таңдау сұрағына да өте қатал қарайды.

Ал екеуі де үйдегі тұңғыш балалар не кенжелері болса, бұл жастар арасында түсініспеушіліктер болуы мүмкін. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: 6188.com

С. А