Кино әлеміндегі ең табысты жұп анықталды

Кино әлеміндегі ең табысты жұп анықталды

Кино әлеміндегі ең табысты жұптардың қорытындысында "Сумерки" кинофильмінің басты рөлдеріндегі Кристен Стюарт пен Роберт Паттинсон бірінші орынды иеленді. Соңғы үш жыл ішінде бұл дуэт "Сумерки" кинофильмінің үшеуінің арқасында миллиард доллар жинап үлгерді. Бақытты отбасылық актерлер әлемнің ең табысты жұптарының көш басында тұр.

Екінші орынды "Клятва" кинофильміндегі Ченнинг Татум мен Рэйчел Макадамстарға бұйырды. Бұл жұп фильм авторларының қалтасын 125 миллион доллармен толтырған. Татум мұндай рейтингте осымен екінші рет бой көрсетуде. Алғаш рет ол Аманда Сайфридпен бірге "Дорогой Джон" кинофильміндегі рөлі үшін алтыншы орын алған еді. 

Ал үшінші орын Дженифер Энистон мен Адам Сэндлерге бұйырды. Олар 103 миллион доллар табыс тапқан "Притворись моей женой" кинофильмінде бірге рөл сомдаған.

Олардан кейінгі орынды Сара-Джессика Паркер мен Крис Нот иемденді. Олар 95 миллон доллар ақша тапты. 

Ал бестікті Джулиана Мур мен Стив Карелл аяқтады. "Эта дурацкая любовь" атты фильм үшін 84 миллион доллар қаражат тапқан олар бір ажырасып, бір қосылып үлгерді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: online-sumerki.ru

А. Әбілхан